ВЕРНУТЬСЯ

     Әдемі,

әйгілі де әйдік
едің,

маған да құшағынды
жайдың, Елім,

Ендеше
қандай ғана реті бар

түсердей қыр соңыма қайғы менің?

Қолдайтын сияқты еді Хақ-тағалам,

қонбай-ақ келе жатыр бақ та маған.

Үнімді шырылдаған кім естіді

қолды боп кетпесін деп жатқа Далам.

Жарамай замананың ноқтасы емге,

қолынды жоққа серме, топқа серме,

Тәңірдің тұрмағасын
өзі қалап,

туған ел, сөзіме бақ,

тоқта сен де ...

Ойым жоқ ешкімді де жамандамақ,

күн кешіп көреміз де амалдап-ақ,

өзіндей елім барда,

түбінде бір

қонатын сияқтанар маған да бақ!

2002 жыл