ВЕРНУТЬСЯ

-Сен не көрдің? Ерлігіңді айт? –деді қарт,Сынағаны-ау... Майдангерім еді мәрт.Сауалымды жай сөз деме сүреңсіз,Үміт күткен жүрегіме сенім арт! -Ойсыз жүрсе, ондай жанда жоқ баян,Бұл сұрақты мен де өзіме көп қоям.Қалай өтті бала шағым балдырған?-Бәрі жұрттың көз алдында, көпке аян. Кішкентаймыз. Соғыс қандай  - ұққан ба ек?!Айтсам, күлкі-ау... пәленшені жыққам деп.«Жаулар» жаққа ши жебені жөнелтіп,Шыбық мініп шабуылға шыққам деп. Еңбектеген бұл балаңды көрсеңіз,Еңбекпенен тұлғаланды еңсеміз.Соғыс салған жарақаттың табы бар,Отқа оранып өтпесе де он сегіз.Ұл тудым деп қуанды ғой анам да,Мен кезіксем қанды майдан ғаламға:Жаудың төніп төбесінен Талғаттай,Бауыржандай батыр бола алам ба? Уа, жан ата, дауды ысырып қоялық,Соқпасыншы сол бір дауыл оралып.Омырауым дайын Отан қорғауға,Жаннан қорқып, шегінбеспін –ол анық! «Ерлігіңді айтшы?» деген сұраққа,Бір уәжім бар көңілде бірақ та.Жалғап ісін әкелердің, -Ерлік қой,Мұрагер боп қалу асыл мұратқа!