ВЕРНУТЬСЯ

        Досым түгел
бүгінде кәрі кісі,

Келсе оларды
біреудің танығысы.

Тістері алтын
бәрінің,

шаштары аппақ,

Атқаратын
қазірде арық ісі.

Аты шыққан
білгірлік, шешендікпен,

Көшелілер келер
деп көшең күткен.

Тойған қозы
секілді бәрі бүгін,

Базарынан
бақыттың кеше кеткен.

Аман ба осы
аттары күймеміздің,

Араласты желі
кеп күйге күздің.

Ұтсақ
дейді бәрі де Тұманбайды,

Киінгі ойнаса жиналып үйге біздің.

Мен олардан
аяман ерулікті,

Алу емес, мені
әркез беру күтті

Карта шыққыш
қолыма, жолым жеңіл,

Мен беріле
қоймаймын,

белім мықты.

Желге мінсем,
жейтінім таяқ па екен,

Ақыныңды ұйқыдан
оят, мекен.

Ұтылғанды
мен өзім ұнатпаймын,

Ұта
қалсам, бәрін де аяп кетем.

Аман жүрсін,
бәрінен бақ тосайын,

Біріне емес,
бәріне жақтасайын.

Көрмей қалсам,
сағынам барлығын да,

Шай ішуге
шақырам апта сайын.