ВЕРНУТЬСЯ

Нарынның көк жамаудай етегінде,
Ұқсайды осынау жер
ертегіге.
Ботакөз зерең көлі мөлдірейді,
Күлімдеп
бөрте гүлге, ерке күніс.
Жатады жаз бойына
жасымай паң.
Көрпедей жайып салған жасыл оппан.
Үстінде үш-төрт
қана ақ отау тұр,
Аумастай маңдайдан бақ, басынан бақ.
Тұрса да тұнып түзде жыныс қайғы.
Бұл жерде
дерсің бақсы жын ұқайлы:
Батырып ырду-дырду жазғы күнді,
Талықсып таң ата тек тыныстайды.
Әрине, сіміреді қымызды олар,
Әрине, жүректерден жіп үзді олар.
Сұлудай
домбыралар сықылықтап,
Сыңсиды
шаңқобыздар, сыбызғылар.
Біресе гармондатып, сырнайлатып.
Жаныңды ерсі шаттық тырнайды артық.
Кейде сәл
күрсінгендей үн шығады,
Кеткендей зығырданды бір қайпатып.
Жоқ, Бапас күйші емес қой балта алғандай,
Ханзада қайтсін шалқып, балпаңдамай.
Бармағын
шайнамайды, сорады тек.
Шерткенде саусағынан
бал тамғандай.
Тыңдайсың, жоған
андай тұзақ жерден,
Сұлулық
сезіміңді ұзақ жеңген:
«Сыйқырлы», «Жеңгем сүйер», беу, «Құдаша»,
«Бес қыздың белшеспесі», «Қыз ақ желен»...
Солардан жаралыға
уыт туып,
Бір ғажап
билегендей үміт тұнық.
Жоқтай-ақ сұлулықтан
өзге дүние,
Жалғанды жібереді ұмыттырып.
Күлген-ау,
қуанған-ау күймен бірге,
Шыққан-ау сұлулармен
үйден бірге...
Сенген-ау
күнге, жазға, жақсылыққа
Шым батып
жүргендер де кейде үпіре.
О сиқыр
Дәулеткерей - Банас легеп.
Кім сені қалың елден қақас легеп
Әйтсе де ақ сүйектің мінезі бар
Бітіскен бие
қайнап қапаспенен.
«Өмірдің өз-ақ елді жылатулы,
Өзге не, өз үйімнің шұбаты улы».
Деп әлде көңілашар
болдың ба сен.
Армандап әсем күймен жұбатуды.
Келеді шыныңды ұққым,
сырыңды ұққым
Сен қалай жүрегінде жылу тұттың.
Тусаң да тумысыңнан ханзада боп.
Өліпсің құлы
болып сұлулықтың.
Ұлысың сондықтан
да, Дәулеткерей.
Тірліктен хан емес тек, әулет кедей.
Не дейін күйлеріңді сәулет демей.
Кім дейін өнеріңді дәулет демей?
Тәңірі, құм Нарынның ертегісіне,
Күйлерің
жатыр тарап жер шегіне
Халықтық композитор
Бапас баба.
Иесің мәртебелі ел шеніне
1974