ВЕРНУТЬСЯ

Дүниеде жеткізген бе жігітке арман,Жүрегі  от сезіммен ұрықтанған :Менің ғой келер дейсің Пушкин болғым,Шалқып бір  шайқап ішіп тұнық балдан. Дүниеге масаң көңіл мас бола бер ,Тереңнен жаныңды ұғар досқа кенел.Жүр жүзіп өмір-теңіз кемесінде,Жыр жазбай бірақ лағыл таспа бекер. Осылай қайраймын да өзімді өзім,Жүрегім еміреніп,езілгесін:Өлеңмен өмірімді өбемін де,Шалқимын шабыт күшін сезінгесін. Мұндайда болам қыран,жолбарыс та,Дайынмын мейлі қандай арпалысқа...Таяқ жеп тағдырының талайынан,Біздің күн айналмайды тоң-торысқа. Жетелеп қай қашанда сенім алға,Санамды бір құдірет жеңіп алған...Қайтесің, Пушкин болсам дейді жүрек,Жігітке жеткізген бе тегінде арман...

Автор: