ВЕРНУТЬСЯ

          Екпіні емен жыққан
дауылдаймыз,

Нөсері топаңдатқан
жауындаймыз.

Тас жарған, шынды
бұзған, тасты

айдаған,

Ағындай арна
қуған зауылдаймыз.

Көл ғылып
көлкітеміз Ембі майын,

Дариядай
тасытамыз аққан сайын.

Күн емес, қолдан
ңұрға бөленеміз,

Май менен
электрді жаққан сайын.

Таудай ғып маялаймыз
тас көмірді,

Терменен
жібітеміз тақыр жерді.

Ұршықтай - ұшқыр-шымыр
айналтамыз

Сом шомбал
заводтағы көк темірді.

Күректеп
Қарсақбайдың алтын, мысын,

Нанша илеп
білекпенен тас, мырышын,

Соққанда сом
балғамен тастай үгіп,

Жұмсаймыз жұмыла
кеп күш құрышын.

Жарысып отарбамыз
көмір шайнап,

Аққанда ерлейді
өрге оттай жайнап.

Көріктен
гулегенде дауыл соғып,

Шойыннан бу
бұрқырар сарқ-сұрқ

қайнап.

Айдаймыз алмас
тұяқ тракторды,

Жыртамыз жібектей
ғып ой мен қырды.

Күйіне трактордың
жанды тербеп,

Ән менен ағылтамыз
тәтті жырды.

Тасытсақ,
тасқындатсақ ыстық қанды,

Атқызсақ атқан
сайын алтын таңды.

Саусақтың
саласымен айды ойнатып,

Тарыдай тере
алармыз жұлдыздарды.

Сол қайрат,
айбарлы айбат, кұрыш күшпен

Істелген үздіксіз
көп үлгілі іспен.

Мұнай мен тас
көмірге жауды көміп,

Жайлаймыз жанын
өртеп жайдай түскен.

Жөңкиді жүйткіп,
жортып жорға қалам,

Қағазға тәтті
жырмен кесте салам.

Шүмектеп,
сорғалатып қызыл сия,

Майданның
арпалыскан бәрін табам.

Толғауым
дөңгелекпен жарысады,

Ырғағым еңбекпен ән
салысады.

Сөзім оқ, тілім
мылтық күзеттемін,

Жауменен
сайысады, шабысады.

1929