ВЕРНУТЬСЯ

         Ер болған менің
бабам ел қорғаған,

Мәрт бабам, жомарт
бабам, мерген бабам.

Жігіттің атын
мінген күннен бастап,

Өзімді мен де туған елге арнағам.

Сөйледім талай жерде ел атынан,

Жолымды жапқан
емес қара тұман.

Арманды қуған
күннен бастап өзі

Тұманбай түскен емес ақ атынан.

Есімді білген
кезден жанып келем,

Бақытым - арман
әуен, шабытты өлең.

Мың алғыс
көкірегімнен бастау алып,

Қуаныш жатқандай
ма тауып менен.

Оянып төсегінен
жас бөбегің,

Әрқашан жөнелді
іздеп аспан елін.

Ерлігім - ел ұнатқан өлендерім,

Қолымнан келген
емес басқа менің.

Бәйгеге Тұманбайын қосқан елім,

Біледі
шаппасымды босқа менің.

Кеудемде бір
қуаныш жүреді ылғи

Анамдай аялаған
жас бөбегін.

Көмегім тисінші
деп өркеніме,

Мен ерте
көтерілдім ел көгіне.

Ерлігім - елді
сүйген жүрегім бар

Апара жатқан мені ертеңіме.