Еркелесең,
еркелей бер, жарқыным!
еркелей бер, жарқыным!
Жанарыңның көрейін тек
жарқылын.
жарқылын.
Жұп тірліктің кешпесең
де жәннатын,
де жәннатын,
Қуанышын білмей-ақ қой
жалқының.
жалқының.
Білмей-ақ қой!..
Күлмей-ақ қой, алтыным!..
Көрсетпегін
сабырсыздық салқынын.
сабырсыздық салқынын.
Өмір тек бір
еркеліктен тұрмайды,
еркеліктен тұрмайды,
Ерсі кетпей,
аз-кем кейде ал
тыным.
тыным.
Қойсам сосын қытығыңа
тиіп кем,
тиіп кем,
Саған бақыт уәде
етпеймін үйіп мен.
етпеймін үйіп мен.
Білесің ғой,
байқамаса,
адамның
Басы айналып кетері
бар биіктен...
бар биіктен...
Айтқан бірақ ақыл-кеңес
жай қалып,
жай қалып,
Сәл кідіріп біз
білетін жайға анық:
білетін жайға анық:
«Қолыңа алып жүрші
мені, - дедің сен, -
мені, - дедің сен, -
Одан, сірә, кетпес
басым айналып».
басым айналып».
Содан бері келем
сені көтеріп,
сені көтеріп,
Мойыныңа ыстық демнен
от өріп.
от өріп.
Маужырасаң,
құшағымда қалғып ал,
Бұл фәниден солай ғана өтелік!
Біліп қой тек, -
сенбе мейлі, сен
мейлі -
мейлі -
Дүниеде мендей ғашық
кем дейді.
кем дейді.
Сүйіктісін жүру деген
көтеріп
көтеріп
Патшаның да қолынан
бір келмейді.
бір келмейді.
- 173 просмотра