ВЕРНУТЬСЯ

Еркелесең, 
еркелей  бер,  жарқыным!
Жанарыңның  көрейін  тек 
жарқылын.
Жұп  тірліктің  кешпесең 
де  жәннатын,
Қуанышын  білмей-ақ  қой 
жалқының.
Білмей-ақ  қой!..
Күлмей-ақ  қой,  алтыным!..
Көрсетпегін 
сабырсыздық  салқынын.
Өмір  тек  бір 
еркеліктен  тұрмайды,
Ерсі  кетпей,
аз-кем  кейде  ал 
тыным.
Қойсам  сосын  қытығыңа 
тиіп  кем,
Саған  бақыт  уәде 
етпеймін  үйіп  мен.
Білесің  ғой,
байқамаса,
адамның
Басы  айналып  кетері 
бар  биіктен...
Айтқан  бірақ  ақыл-кеңес 
жай  қалып,
Сәл  кідіріп  біз 
білетін  жайға  анық:
«Қолыңа  алып  жүрші 
мені, - дедің  сен, -
Одан,  сірә,  кетпес 
басым  айналып».
Содан  бері  келем 
сені  көтеріп,
Мойыныңа  ыстық  демнен 
от  өріп.
Маужырасаң,
құшағымда  қалғып  ал,
Бұл  фәниден  солай  ғана  өтелік!
Біліп  қой  тек, -
сенбе  мейлі,  сен 
мейлі -
Дүниеде  мендей  ғашық 
кем  дейді.
Сүйіктісін  жүру  деген 
көтеріп
Патшаның  да  қолынан 
бір  келмейді.