ВЕРНУТЬСЯ

Көме  алмаған  қыс 
пенен  өктем  күз 
де,
Қақ  тұрмаған  жаз,  көктем  өткенде 
ізге.
Бір  аңыз  бар
жұртында  ғасырлардың
Қалып  қоймай,
ертеден  жеткен  бізге.
...Өңі  қашқан  сәбидің, 
сақалдының
Сорға  қарсы  тұруға 
бата  алды  кім?!
Сол  кезде  бір 
хан  болған  екен 
дейді
Тіл  жетпеген  айтуға 
қаталдығын.
Елін  ғана  емес 
тек,
төңіректі
Зарлатқан  бір  қорқаудай 
өмір  етті.
Жаугерлікке  ол  шықса,
айлық  жерде
Отырған  да  түршіге 
еңірепті.
Таныс  мұның  досқа 
да,  жатқа  мәні,
Тұрған  жоқпыз  нақақтан 
даттағалы.
Бірде  сол  хан  қол  жинап 
жер  қайысқан,
Шалғай  жатқан  елдерге 
аттанады.
Бір  жан  болса 
сол  маңда  торықпаған,
Торықпаған, 
ханнан  да  қорықпаған
Ханым  екен...
«көз  көріп,  құлақ 
естір»
Жерде
одан  болмапты  көрікті 
адам.
Хан  кеткесін:
«Ісімді  кемел-керім
Айта  жүрсін  мен  ғұмыр  шегер 
елім»
Деп  ойлаған  сол 
ханым  жинаттырды
Елдің  небір  айтулы 
шеберлерін.
«Қалып  мәңгі  бір 
ісім  ел  есінде,
Бір  Құдайым  бәріңді 
жебесін  де!..
Құс  қайтқанша,
күндіз-түн,
жатпай-тұрмай,
Бір  мұнара  тұрғызып 
бересіңдер!»
Есер  десін,  жұрт 
оны  есті  десін,
Осылай  деп  ханым 
бір  кесті  кесім:
«Одан  өткен  мұнараны 
әлемде  тек
Көрмесін  жұрт!
Білмесін!
Естімесін!..»
Көнді  халқы  бұйрыққа 
бұл  араның.
Кім  айтады  қарсы 
оған  тұра  аларын!
Көп  өтпеді,
осылай  кетті  бірден
Жұмысы  да  басталып 
мұнараның...
Өтті  апталар,
өтті  айлар  тізбектеліп,
Тұрып  алды  алқымға 
күз  кептеліп.
Бірде  ханым  өлердей 
таң  қалыпты
Құрылыстың 
басына  іздеп  келіп.
Кіріскен  жұрт  ол 
баста  «арқаланып»
Кеңге  салып  кетіпті 
арқаны  анық.
Жұмыстарын  өндіріп  жарытпаған
Шеберлер  жүр  «жай 
басып,  жалпақ  алып».
Қоярға  бір  жер 
таппай  жанын  мүлдем,
Махаббаттың 
отына  жанып  жүрген
Бас  шебердің  ғана  бұл  ісі 
екенін,
Жан  айтпай-ақ,
түсінді  ханым  бірден.
Түсінді  де...
жымиды...
есіне  алды...
Хан  сарайы...
бақ  іші...
есік  алды...
Көз  қарасы...
күлкісі...
күрсінісі...
Түсінбейтін  енді  оның 
несі  қалды?!
Солай,  сезім  жолдары 
келте,  міне,
Бірін-бірі 
осылай  ертеді  де.
Көңілі  ауған  өзіне
жас  жігітті
Алды  ханым  шақыртып 
ертеңіне.
«О,  жас  жігіт, 
өзіңе  місім  құлап,
Тапсырып  ем,
өнбеді  ісің  бірақ.
Енді,  міне,  мән-жайды, - деді  ханым, -
Тұрғаныңнан  бас  имей  түсіндім-ақ.
Бұрынырақ 
келмеген  неге  сенім?
Жас  дәурен  тек  қазынаң  деме 
сенің!
Сезіміңнің  мөп-мөлдір  екенін 
де
Көрместей  мен  көрсоқыр 
емес  те  едім.
Кеңесім  бұл:
көзіңе  түнді  ұйытпа!
Сау  қал
бақыт  орнына  мұң 
жиып  та!
Бірақ  ханым  басқаша 
бола  алмайды
Қойып  кетер  сәтте 
де  тұңғиыққа...».
Жігіт  айтты:
«Мені  бір  сынап  қара!
Мүмкін  солай  жетермін 
мұратқа  да,
Беретін  бар  еңбегім 
ақысы  үшін
Бір  сүйгіз  тек 
бетіңнен!
Бір-ақ  қана!»
Бітіп  солай  жұмбақтар 
жалықтырған,
Басталып  бір  ақ  нөсер  анық  нұрдан,
Жанып  тұрған  жігіттің 
тілегіне
«Жоқ!»  демеді  ханым 
да
жанып  тұрған...
О,  ғажап-ай!
Жұрт  біткен  таныпты 
естен,
Болмайды  оны  бастан 
тек  анық  кешпей.
Сол  ханымның  бетінде
мәңгі бақи
От  еріннің  таңбасы
қалыпты  өшпей.