ВЕРНУТЬСЯ

      Б і р і н ш і  с ө з

     Тыңдаймын осы күйді жаным ұйып,

Барады жүрегіме жылы тиіп.

Ұлы өмір, ұлан-байтақ туған елім,

Қалайша көкірегіме кеттің сыйып?!

Туған ел, сен дегенде жаным жайлау,

Орнашы зердеме кеп, ұлы Алатау!

Құйылшы
жүрегіме, Есіл мен Сыр!

Өтейін қаптатып сел, қиратып жау.

Ажалдан ата дұшпан
алайын кек,

Мәңгілік тынбастай боп соқшы, жүрек!

Майданда тасқа қатқан достар қанын

Ту ғып мен көтерейін, көрсін жер-көк.

 

     Е к і н ш і с ө з

     Көңілімді тебірентгің, ақын аға!

Жыршы емен жалтақтағыш, жалтырама.

Елімнің солдатымын қарапайым,

Сөз шайнап тұрғаным
жоқ сахнада.

Жұлдызым
бүгін менің жүзбей өрге,

Аласа көрінсем де «биіктерге»,

Бір келме қонағындай замананың

Сыр бүгіп, сылаңдаман туған жерде.

Мен емес сыртын сылар, іштен іріп,

Кимеймін тұмылдырық,
көзілдірік.

Өткізіп өз көзімнен бар өмірді,

Аралап жерде жаяу келем жүріп...

Нығырақ басамын мен аяғымды,

Алға ұстап
жүрегімді, аянымды.

Өз жүрген жолдарыма келем жазып

Сырымды, барлық өмірбаянымды.

Құлдықтың
құрсауы емес - баста бөркім,

Табиғат бөбегімін өскен еркін.

Жүрегім торда отырған емес тоты,

Күлем бе, жылаймын ба - тек өз еркім.

Табиғат-анама мен туғам тартып,

Күн болып күлемін мен балқып, шалқып.

Көк дауыл көкірегімде күрсінгенде,

Бұлт болып
арпалысам жалын шарпып.

Көңілім - шың,
теріскейім - ызғарлы аяз,

Күнгейім - тас балқыткан бір алтын жаз.

Кім келер қай жағымнан, мейлі өз еркі,

Отты сөз - дұшпанға
зіл, досыма наз.

 

     Ү ш і н ш і с ө з

     Хат жаздым қан тамызып мен сияма,

Айт сәлем туған елге, Ғали аға.

Мен үшін сүй бетінен сәбилерді,

Бер сәлем жолыққан әр қарияға.

Жанымның жалын шалған жапырағын

Жібердім салып хатқа, ағажаным.

Жи дағы достарымды, көрсет өзің,

Жапсырып кеудесіне домбыраның.

Айтар ем туған жердің сүй деп тасын,

Аяймын, кетер тамып ыстық жасың.

Жанымыз сіз бен біздің жатқан майдан,

Тамшы жас тамып түсер бір қорғасын.

Ажалдың мен бе көнер дегеніне!

Келермін, күтші, достар, мен еліме.

Біреулер жанарымнан жанымды үғып,

Біреулер қарар ескі шинеліме.

Сыпырып кіреукесін жіті түннің,

Жүзіне қараймын тік келер күннің.

Жұлығын
қан жалаған ботинкаммен

Төріне шығармын бір мен елімнің.

Тынар ма кеудем менің, жұтса да оқ?

Күйер ме тілім менің, шайнасам шоқ?

Туған ел кеудесінде арпалысып,

Соғармын ыстық қанды жүрегі боп.

1944.