ВЕРНУТЬСЯ

           Ғалиябану, қайда
жүрсің,

Қайсы
орамдардасың?

Үлбіреген майда
гүлсің,

Нулы
ормандардасың.

Ғалиябану, қайда
жүрсің,

Қай жердесің?

Сүйген өзен
  ағысын,

Толқын желдесің.

Ғалиябану, қайда
жүрсің,

Қайсы биіктесің?

Жастық атты
арман жырсың,

Сенсің жалғыз
сүйікті есім.

Ғалиябану, қайда
жүрсің,

Тұрағың қай
бақшада?

Мендей сені
қайдан білсін,

Сырың жұмбақ басқаға.

Ғалиябану, қайда
жүрсің,

Саған мұңым жетсе еді.

Қайда жүрсең -
ойда жүрсің,

Сағындым-ау бек
сені.