ВЕРНУТЬСЯ

          Пролог

          Барады жосып
қосын жол қуалап,

Барады жөңкіп
қаңбақ жел қуалап.

Қанша рет жер
ағарды, жер көгерді,

Қанша рет жыл
ауырлап жеңілденді?

Бәрін де айтады
ақын, ұмытпайды,

Жырланар араласа үміт,
қайғы,

I б ө л і м

Жас ақын оқуынан
қашты аулына,

Еткен ол
мектебінде талай күнә.

Бас имей патша
ағызамның суретіне,

Бағынбай
басшылықтың жарлығына.

Жез крест қарғы
ілуге тағы көнбей,

Ешкімнің дініне
ермей, тіліне ермей,

«Мен үшін ең зор
тәңірі елеңім!» -деп

Еліне кеткен
тартып көшкен желдей.

Көз салып
көкжиектің кемеріне,

Кеңісте қанат
байлап өлеңіне,

Қуана қоңыр
желден алар тыныс

Ат басын
әлсін-әлсін төгеді де.

Көкшенің көзі түссе
қиясына

Найзадай
Оқжетпесгің шың басына

Ағытып ат
тізгінін алады ақын

Қырандай қайтқан
жаңа ұясына.

Бір желіп, бірде
шауып жортқан сайын

Жүректен
серпілгендей қайғы-уайым.

Жарқылдап жай
тасындай келеді ағып,

Құйылған қиырдан
бір сұңқардайын.

Ескен жел
шуламайды алла атымен,

Иілген қарағай
жоқ белден төмен.

Бас имей я тәңіріге,
я патшаға,

Табиғат жатыр
еркін өз бетімен.

Ақын да жел
сияқты еркін соққан,

Беттесе жанып
тұрған қайтпайды отан,

Тоқталмас
тұншықпаса салған әні,

Салатын саудаға
әкеп жоқ иманы.

Ол дағы
қарағайдай көкке өрлеген,

Бұқпаған, бас
имеген, берілмеген.

Я балта, я
сұрапыл құлатпаса

Қор болып
былғанышта жатпас төмен,

Жүрегі аспандағы
жанған күндей,

Жігері айналған
жер құдіретіндей;

Бетін бұлт,
көңілін кірге шалдырмасқа

Өр қиял
өрлей-өрлей кететіндей.

Құландай дұбір
естіп қуғын көрген,

Оғынан
құтылғандай сұқсыр мерген,

Ұмтылып үйіріне
келеді ақын

Ем іздеп жарасына
өскен жерден.

Самалға қоңыр
салқын төсеп төсін

Жарысқан жолдас
көріп көлеңкесін,

Өз елін өрт шалса
да орда көрген

Ақынның айыптармыз
неменесін!

Көз салып
торабына тоғыз жолдың,

Іздесе бақыт
жолын жас өмірдің

Ой қажып, өң
бозарып, көз талғанда

Оралар кеңесіне
туған елдің.

Кім білсін елден
біреу шырақ жағып

Түнегін тұнжыр
түнді бір-ақ жарып.

Толқыннан, дүлей
боран бастап аман

Бір жерге
бейбіт-шуақ шығар алып?

Белгісіз жол
бастаушы іздеген жан

Ойымен ынтыққаны
жалғыз арман.

Алласыз, ақ
патшасыз мекен табу

Өсетін құлшылықсыз
туған адам.

Мінеки аулына
ақын қалды келіп

Қарсы алар қандай
дана қолын беріп?

Астында батар
күннің түтіндеткен

Ойда ауыл
көрінеді дөңгеленіп.

Қоңыраудай құлын
үні шұрқыраған

Естілер шалдың
даусы жылқы айдаған,

Қиырдан құлаққа
кеп құйылады

Ащы әні
безілдетіп қойшы салған.

Ат басы өз үйіне
таялғанда

Танып қап жүрген
жігіт сол маңайда,

«Шешеке,
сүйінші!»-деп салып айғай,

Жарысып келіп
қалды балалар да.

Ұмытып қазанында
сүт кайнатқан,

Қозысын коріп ана
келе жатқан,

Жалпылдап жарық
көрген көбелекше

Сүйгенше асығып
жүр түскенше аттан.

Ақын да
мейірімденіп анасындай,

Қушақтар қарт
анасын баласындай.

Еміреніп
еркелетіп шөп-шеп сүйсе

Таласар жеңгесі құр
қалатындай.

Асығып ағасы да
кой иірген

Ұмтылды жан
бауырын көрген жерден.

Інісін айналады,
толғанады,

Қызық-ау
табысқаны ердің елмен.

Жиналып
жан-жақтағы кемпір мен шал,

Жапырлап жастары
да сөзге құмар,

Жайғасып үй сырғына
киіз жайып,

Гулетті әңгімені
отырғандар.

Ай қалқып
ерлегенше тас төбеге

Құйылып местен
қымыз тегенеге,

Үздіксіз сары
ожаумен сапырылып

Қымыздай қыза
берді әңгіме де.

Сөйлесе біреу мал
мен жердің жайын,

Бірі айтып
аурулар мен емнің жайын,

Жүйріктер
аңғартады ишаратпен

Жем болған
жебірлерге кемнің жайын.

Әтештей қиқу
салып осы кезде

Жырлады «алла
әкбарын» молда түнде;

Қоштасып құптан
үшін тарқасқандар

Намазға құлап
жатты үйді-үйінде.

Азанға аза бойы түшіркеніп,

Ақын да тас
бүркенді төсекке еніп.

Елестеп көз алдына
поп пен молда,

Күбірлеп құдайларды
жатты сөгіп.

Таң ата мал
қыбырлап ауыл қайнап,

Қойшылар кетті
қойын өріске айдап,

Шелекпен
келіншектер суға жөнеп,

Ойнауға балалар
да шықты заулап.

Қолтықтап
жуан-жуан кітаптарын,

Бос тастап иығына
тар шапанын,

Барады өрлеп
дөңге балғын ақын

Шолуға алыстар
мен ауыл маңын.

Бала еді
қаныпезер жас кезінде-ақ,

Өскен соң өзге
мінез қайдан таппақ!

Ордама ояз қонған
басын сұқпай

Көрдің бе
сыйламауын аруақты ақмақ?!

Деп, Сапар -
болыс-екең шығанақтап,

Жатты да өз
пікірін айтты баптап.

Деп,-«малғұн,
діннен безген жаһаннами!»

Молда да кейіп
қалды тызалақтап,

Келуін геройымның
күтсе-дағы,

Ақынның өрлігінен
сынып сағы,

Болғансып болыс
қызы намыстанып

Танауын
тыжырайтты Гүлсім тағы,

Жалғыз-ақ орыс
қызы - балғын Мәриям

Біле алмай толық
хабар жас адамнан

Көргісі,
біліскісі келсе-дағы

Әзірге сыр берген
жоқ ұялғаннан.

Оқушым, ұқтырайын
саған бір кеп, .

Таңданба,
ауылдағы «Мәриям кім?»-деп.

Өз үйі кершідеғі
поселкеде

Қонақ қыз жатып
кетер айлап, күндеп.

Әкесі уряднигі
осы өлкенің,

Білетін көптен
таныс қазақ жерін.

Қан-жыны
араласқан, Сапарға дос

Тасығыш
болыстардың шен-шекпенін.

Мәриямиің он
жетіге жеткен жасы

Гүлсімнің болыс
қызы замандасы.

Көл, дала, көк
орманды жандай сүйген

Ол - дағы осы
ауылдың бір баласы.

Жұлдыздай жымың
қағып көз исанары.

Жүзінен сыр
бергендей ойлағаны.

Көргенше жас
жігітті сабыр таппай

Гүлсімге былайша
деп сөз салады;

-        Отырғанша үйде бос

Жүр шығайык,
Гүлсімжан,

Аралайық, көк
шалғын,

Гүл терейік
даладан.

Естиікші тәтті
үнін

Боз торғайдың
салған ән,

Жұтайықшы күн
нұрын,

Жүр шығайык,
Гүлсімжан.

Күй төгейік
гитардан,

Арнап күнге,
гүлдерге.

Жүрші, Гүлсім,
жүр жылдам,

Серуендейік
біздер де...

Жастық па, я
мастык, па ойландырған,

Жүрек пе ыстық
қанмен бойды алдырған?

Жеткен сон он
жетіге қызға кінә

Қоймаспыз, білер
жянін өмірлік заң.

Бірі ғой Мзриям
да сол кыздардың,

Кұмарын баса
алмағақ ыстық нанның.

Көргенде ақышымды
көңіл не дер

Әзірге ол арасын
біле алмадым.

Ауылға дең басынан
көз жіберіп,

Теңіздей терең ой
мен қиялға еніп,

Ақынның серпіп
жаны, толқып қаны,

Кеудесін елең,
ырғақ отыр керіп.

Көз көрген, жүрек
сезген картішалар,

Сызылып ақ
қағазға түссе шебер...

Өзі оқып өз
жазғанын ақын сонда

Күбірлер жел
сияқгы әлденелер.

-        Деревняң Пушкин сенің көз алдымда,

Сол сурет, сол
жуастық ез аулымда.

Желсіз күн, тымықтағы
түтіндерді

Артылтып сенен
бүгін жазармын ба.

Әне шал бар өмірі
кұлдықта еткен,

Үстінде шидем
шекпен, қолда кетпен.

Тазалап бай
қотанын күн батқанша

Жан терін
көремісін жерге төккен!

Баласы койын баққан
жат адамның

Өріске кетті бірі
болып малдың.

Ас ішкен итпен
бірге итаяқтан -•

Ашылар қашан соры
бишараның?!

Сыңсыған және
естимін қыздың зарын,

Жас жауып
жадыратпас бет ажарын.

Күңірентіп жас
жандарды барады алып

Хайуандар екі
аяқты төлеп малын.

Білмеймін
боларымды қандай адам,

Айналам тас
қаранғы, халкым надан.

Өлеңім елім үшін
жаккан шамым,

Болар ма оқитын
жан, ұғатын жан...

Байқасам қаламым
да бұғауланған,

Жетпейді жұртқа
түгел ойдағы арман;

Дайын түр қолға
кісен, тілге тұзақ,

Арылмас аңдыған
жау айналамнан...

Ақыным өз
жазғанын оқып өзі,

От тастап
жүрегіне жазған сөзі,

Күрсіне
көтергенде басын күшпен

Қос қызға
анадайдан түсті көзі.

Лентасы гитарынын
мың кұбылып,

Лентадай сұлу,
көркем гүлдер жұлып,

Адамдай саяхатка
шыққан Мәриям

Келеді кейде
жүріп, кейде тұрып.

Қасынан
геройымнын өттІ Мәриям,

Сәлемнің ишаратын
етті Мәриям.

Қалғанда
қолтығынан бір шумақ гүл

Сезбеген кісідей
боп кетті Мәриям.

- Ғапу ет,
кешіріңіз, жас қыз маған,

Гүліңіз қалды
тусіп теріп алған.

Қиянат аманатқа
жасамайын

Егерде езге
адамға болса арналған.

Дегенде жатқан гүлді
жерден алып,

Үзіліп жолдасынан
Мәриям қалып,

Қасына гүлді ұстаған
келгенше ақын

Күлімдей тұрды
қарап шырайланып.

Желпіп жел жібек
көйлек етек-жеңін,

Кун-дағы
жайып-шуган кыздың өңін.

Күнәсіз балғын
бойы көк сүйріктей

Соққандай қос бұрымы
тілерсегін.

Алғанда қолын
созып ақыннан гүл

Қарасып қалды
екеуі қатыспай тіл.

Әйтсе де
қадалыскан еткір көздер,

Дескендей болды
«Жаным, енді езің біл».

Сұлуды солғын
жігіт ойландырды,

Жанына өшпейтін
бір ой қалдырды,

Жарқылдап жалт-жұлт
ойнап жай түскендей

Жүрегін жандырды
да ойран қылды.

Ақыры сыпайылап
тілге келді,

Гүлді алды,
қызметіне алғыс берді.

Кеп гүлден таңдап
бірін қайтарғанда

Даусы да, жүрегі
де дірілдеді.

- Кешіңіз, сіз
де, ағатай болса күнәм,

Алыңыз тартуымды
етпен күмән

Беріп ед орыс
қызы деп жүрерсіз

Кездессе
кітаптардың арасынан...

Солдырмай
сыйлығыңды сақтауға мен

Алдыңда ант
етемін жас жаныммен.

Ант сертім
сыйлығыңа тартқан сыйып,

Жүргейсің
шығармастан жүрегіңнен.

Адаммын арылмаған
шытырманнан,

Андаған арандар
бар алды-артымнан.

Қаңбақтай жел
айдаған алыстасам

Өкінбе кім еді
деп сол ант ұрған.

Нұрлы қыз күн
қызындай кетті Мәриям,

Жүрегін жас
жігіттің сөкті Мәриям.

Тапты да
тыңдаушысын, бара жатып

Гитардан бір
тәтті күй төкті Мәриям:

Алтын ішек
әндетті,

Әндетгі.....

Сүйгеніне зар
шертті,

Зар шертті.

Күн қызартты ақ бұлтты,

Ақ бұлтты,

Ән жанымды
жаңғыртты,

Жаңғыртты....

II бөлім

Таласып батар
күнмен кешкі шақта

Түймелі күйме
жеккен қос көк атқа,

Сылдырлап
қоңыраулары сыңғыр-сыңғыр

Әлдекім келіп
қалды ауыл жаққа.

Үркітіп аңдарды
да, малдарды да,

Тамсантып баланы
да, шалдарды да,

Қос көк ат ортаға
кеп токтағанда

Қызығып қарамаған
жан калды ма!

Жамылып иығына
кара желең

Жарастық
доп-дөңгелек шляпамен,

Жалтылдап шынжыр
баулы көзәйнегі

Бір жігіт шыға
келді қағып елең.

Қарсы алып кұлаш
жайып Сапар сонда

Алшандап, екі
аяғын козғап зорға,

Қонағын іздеп
келген кұшакка алды

Деді де - е,
жасаған, жолыңды оңда.

Көптіріп бұйра
қою қара шашын,

Қолға ұстап
кірген үйге шляпасыи,

Ізетпен Гулсім
қыздың қолын қысып,

Тағы да әнтек қана
иді басын.

Кез салып
Мәриямға ишаратпен

Естілді сыпайы
үні күбір еткен.

Шляпа, женіл
желен, имек таяқ

Басына керегенің
ілінді еппен.

Сәлден соң
сигарына от тұтатып

Құмарта көк
түтінді ішке тартып,

Көңілдің желді
лебі бетінде ойнап

Ішінде ақ орданың
жатты балқып.

- Ақыным,
ардагерім, Ағжан шырақ,

Қарадан қан боп
туған сен шамшырақ.

Сақта деп жат
көзінен, жау тілінен

Тілеймін өміріңді
кетсең жырақ.

Деп Сапар
жастығына шығанақтап

Ақынға ақ ниетін
айтты баптап.

Көпірте сар
қымызды құя түсіп

Әкесін Гүлсім де
отыр іштен жақтап.

Кеңес кып
«Сарыарқа» мен «Қазақ» жайын

Созден сөз туа
берді айтқан сайын.

Еске алды өткен
жылғы аламанды,

Қанша өлді, қанша
жараланды.

-        Үміт не көзсіз жұрттан жөн білмеген,

Я құдай, я
патшаға жүгінбеген!

Дабыры даладағы
шықпас естен

Әскерге адам
бермей дурілдеген.

-        Асауды буғалық қой бас білдірген,

Аңдық қой бос тулағып,
бүліндірген.

-        Өз күшін, өз ақылын өліней білмей,

Сапыға сағағынан
іліндірген...

Сөз бітті тоқтап
қымыз, толды қарын,

Шыниыған сүртті
терлі маңдайларын.

Сыпайы сырбаз
қонақ сыр аңғартты

Тыңдасақ қайтеді
деп жастар әнін.

-        Гулсімжан, сен шыға ғой ағаңа еріп

Қызығын кешкі
ауылдың келсін көріп.

Ән естіп, айлы
түнде, сергіп бойы,

Одан соң ұйықтар
жақсы көңілденіп.

Деді де тұрды
Сапар бір ырғалып,

Қонақ та шықты
тысқа қосарланып.

Мәриямға барайық
деп күлді Гүлсім,

Отынан қуаныштың
көзі жанып.

Қозыдай егіз
туған қос бойжеткен

Қонақты ортаға
алып мархабатпен.

Ішінде айлы
түннің кетті қалқып

Думанға алтыбақан
дүрілдеткен.

Оңында Гүлсім
сұлу, солда Мәриям,

Ортасы екі қыздың
емес пе сән?

Көк шатыр алтын
айлы көтерілсе,

Қалайша
шарықтамас акын адам!

Гулсімнің шолпысы
да кағып сылдьір

Ақынға әлдеқандай
айтады сыр.

Қанап қан, от
түскендей ойнап жүрек

Соғады
үстін-үстін неге құрғыр!

Үн-түн жоқ Мәриямда
тұншыққандай.

Жас жанын жұмбақ
сырға шымшытқандай.

Елестеп көз
алдына өзге сурет

Жетуге соған ғана
ынтықкандай.

Сонымен жиынға
олар келіп қалды,

Аялдап алтыбақан,
ән тоқталды.

Таң көрген
тамашалап жас қонақты

Жиналған өңшең
жастар ортаға алды

Бұл кезде тауып
Мәриям өз ақынын,

Келген кім,
әңгіменің айтты түрін.

Жетектеп Ағжанға
әкеп таныстырды

Білдіріп атының
да Тәукендігін.

Танысып Ағжан,
Тәукен сол арада,

Ұғысты бірін бірі
кысқа ғана.

«Қалмасын ойын
суып, өлең тынып»,-

Десті де араласты
тамашаға.

Шайқалып
алтыбақан содан кейін,

Шырқалған ән
тоқталмай көпке дейін

Отырып Ағжан,
Гүлсім бірге тепті

Екеуі тамсандырды
сол дүрмекті.

Тербелсе дауыс
қандай шығады өктем,

Тұрғандай ән
құйылып тұрар көктен.

Хиялы сұлу сүйген
мырза ақынның

Сол кезде толқи
тасып, желдей ескен.

Сезінді ол - өзін
сонда тіпті ерекше

Көкке де жол
тапқандай ұшып кетсе;

Сезінді ол -
күллі жаһан иесіндей,

Түнде күн
шығардай боп әмір етсе.

Өзі хан,
қасындағы ханымындай,

Екеуі қараңғылық
жарығындай.

Келеді кең
дүниемен еркін ұшып

Тәңрінің қалаулы
бір алыбындай.....

Мінеки
Тәукендерге келді кезек

Қалмаңдар, достар
әнді енді тежеп:

Тартыңдар, кәне
арқанды, тездетіңдер,

Тәукен мен
Мәриямді тербетіңдер.

Тәукеннің шықты
даусы көкке ермелеп,

Аспанға, ай, жұлдызға
кұлаш сермеп.

Кеудеден кең
дүннеге төгілген жыр

Даланы жатқан
жалпақ кетті кернеп.

«Тербелген алтыбақан
алданышым,

Тербеткен тең құрбылар
таянышым.

Көзін жас,
табандарын тас жалаған

Айт өлең
ағайынның аянышын.

Ер туспей иығынан
атқаннан тец,

Аққан тер, басқан
сормен соқкан қатаң

Жастарды
шаршағанда сергітетін

Атыңнан айналайын
алтыбақан!

Көтеріп бүққан
ойды самалдатқан,

Әлдилеп түнде
ғана көңілді ашқан.

Зарлы қыз, муңлы
жігіт алданышы,

Атыңнан
айналайын, алтыбақан!

«Ыстық жас, аққан
қанды деп кұрғатам.

Мен де бір жол
тапнаған ақын Ақан.

Жөн сілте,
езілген ел кеңесінді айт

Астында өзің
кұрған алтыбақан!»

Астында алтыбақан
жиналған жұрт

Аңырып ән
біткенде болды жым-жырт.

Ақындай мұңлы,
зарлы бозбаланың

Ыстық жас
көздерінен ақты мөлт-мөлт.

Төсекте аунай
түсіп үйдегі жан

Көкіректі
кернегендей қайдағы арман.

Жаз жайлау, қыстық
қыстау куңіренгенде

Шылпылдап талай
жастық ылғалданған.

Тәукеннің иығына
қолын салып,

Қасына Ағжан таяу
тұрды барып.

Тіл қатты:

-        Неге, шырақ, жабырқандың?

Қызығын бұздың
түннің, бұздың әннің.

-        Ән-жырын туған елдің көрсем байқап,

Қарасам даласына
жатқан байтақ.

Алдымда тұрады
атам Асан қайғы

Жуып жас ақ
сақалын, басын шайқап...

Екі ақын одан әрі
кезектеспей,

Жарыс сөз қалды
тоқтап тіл кескендей.

Толғанып
тьщдаушылар тарасты ыдырап

Ой басып, бірі
менен бірі үндеспей.

Тоқталып
алтыбақан, тарап жиын

Арт жағы
мерекенің болды қиын.

-        Аттанып ертең Тәукен бірге шықсаң,

Деп едім
сеніменен сөйлесейін.

-        Қашпаймын, мен де сенен сөйлесуден

Сыртыңнан
көрмесем де білуші ем мен.

Қайтармыз көріп
елді, көріп жерді

Тыңдарсын
менің-дағы әңгімемді,...

Әлі бар ай
сәулесі дірілдеген

Ойда өзен
қалғымайды күрілдеген.

Қосылып қос
ақынға кетті қыздар

Сыбдырлап басқандары
білінбеген.

Гүлсімді
Ағжанменен етпей елең

Есінен жаңағы
айтқан кетпей өлең.

Келеді Тәукен әлі
толқынды ойда

Қасында орыс қызы
бейне ақ берен.

Әркімнің мұңы
басқа, сыры басқа,

Оңай ма жарасуы
жастың жасқа.

Отырып оңашада
сөйлеспекке

Ұсыныс еткен
Тәукен қиғаш қасқа.

Қыз қарсы болмай,
сөзі қабылданып,

Өзеннің жиегіне
бұлар барып:

Жарында ағын
судың отырысты

Сүйгізіп
маңдайларын айға жарык.

Окушым, жігіт
болып көрдің сен де,

Тойыңа
қатысқанбыз үйленгенде.

Бірақ та қызбен
қалай танысқаның

Ғапу ет, сол
арасы жоқ есімде.

Сондай-ақ түнгі
сырын Мәриямдардың

Айтуға ұмытыппын
түгел бәрін.

Жалғыз-ақ
білетінім сезген едім

Айта алмай
бөгелгенін ез ойларын.

Мәриям әлден
кейін күлімсіреп,

Назбенен айтты
бір сөз ерні үлбіреп.-

-        Ойлайсың қандай қызды жар етсем деп

Арманын ақынның
да білу керек.

-        Ойларлық ойнасаң да қойдың сұрақ

Секілді жауап
айту ауыр тым-ақ.

«Жігігті қыз
таңдаған қыз да аңдаған»

Емес пе сырттан
пішу артығырақ?

Әйтсе де айтам
саған ойдағымды.

Достардан
жасырмаймын ойларымды.

Өтінем жауабымды
әзіл көрме,

Айтты-ау деп
әрнәрсені бойдақ жынды.

Демеймін орыс,
қазақ қызды алалап,

Сертім сол адам
болсын атарлық нак.

Жүзіндей
устараның күн туғанда

Ерлігі
махаббатпен жүрсін қабат.

Кезеңде
сыналарлық - я аллалап,

Я ата, я аруақ
деп қалса қарап.

Ондай қыз жарым
да емес, жаным да емес,

Жүре алман күңмен
бірге етіп тағат.

Тағынып кара
крест ақ мойынға,

Жердей боп жатса
езіліп сұлу тұлға.

Аспанның
атанғанмен періштесі

Еңкейіп
егілмеймін ондай қызға.

Жан деген
махаббаты сүйген жардың

Ере алмай
серпініне өр хиялдың,

Шығуға шеңгелінен
талпынбаса,

Қу ағаш қолдан
соққан құдайлардың....

Қорлық не одан
артық бул өмірде,

Алудың адам атын
керегі не!

Езілген, жаны
қорқақ, еріксіз жан

Тізгінін
белгісізге бсреді де...

Жүреді сорлылыққа
көнеді де,

Жүрегін жер қып
езі көмеді де,

Жарына жаны
сүйген жат көрініп

Тыншығар бір күн
байғұс өледі де,

Жас акын осыны
айтып қалды тынып.

Отыр ол Мәриямға
көзін тігіп.

Толғанып ой
жұмбағын шешкеи Мәриям

Мойнынан жез
крестін алды жұлып.

Батыр қыз жез
кресін жұлып алып,

Жарасын өз
жанының сылып алып,

Күнәсын
мойнындағы лақтырғанда

Шолп етті ағып
жатқан суға барып.

Мәриямнің бұл
ғажайып өжеттігін

Қиын боп қалды
өлеңмен сөз етпегім.

Түк те айтпай
жаныменен сезді Тәукен

Тигенін қуанышқа
кезек бүгін.

Тек қана жайды құшақ,
жазды қанат

Өлгенше өшпес
естен осы сағат.

Тартынбай
құшағына кірді Мәриям

Қол соқты төменде
су жарды сабап.

Жамылған жасыл
лсапырақ, көк шөп көрпе,

Алқынған ай
астында сұлу ерке,

Аққуды қойнына
алған айдын көлдей

Құшақтап жан сүйгенін
жатыр елте.

Жақындап бетке
беті, деміне дем,

Табысты еркіндікте
екі көбең.

Кірпіктер қара
кұндыз көзді жауып,

Соғады тек
журектер бүлкілдеген.

Сипаттау бұдан
артық шықпас менен,

Жетпейді ойым
тегіс өлеңменен.

Сыр, сынын, бар
бояуын көргің келсе,

Сұрай қой мені
қой да суретшіден.

III бөлім

Ауылдан бір топ
атты тіркестеліп,

Жүйрікпен,
жортакымен шықты желіп.

Аң көрмей
аласұрған сар қүмайлар

Жарыса
бір-бірімен жөнелді еріп.

Сүйсіне сырттан
бағып Мәриям, Гүлсім

Тұрса олар дей
көрмейік неғып тұрсың?

Қос сұлу кос
жігітін ұзатқанын

Басқа жүрт
өздерінен қайдан білсін.

Алыстап
бірте-бірте аулы қалды.

Шылқылдап басты
ақ көбік сауырларды.

Тазылар
ойдан-қырдан қоян кағып,

Құтқармай келер
көзге шалынғанды.

Ор қоян әккі
болған қырға салды

Ұрымтал, аяққа
ауыр құмға салды.

Жалтарып, жол
таппаған әлсіздері

Аузында
құмайлардың жұмарланды.

Бетінде бұйра
белдің кешке жуық

Кідірді
шаршағандар қоян қуып.

Айқаса каңтарылып
мінген аттар

Шелдеген жүйрік
иттер жатты суып.

Қосылып иелері
иттердің де

Бел жазды сол
беткейде бәрі бірге.

Суынып солықтары,
демалған сон

Гулесіп
бір-бірімен келді тілге.

Бастары
аңшылардың қосыларда

От лаулап, шай
қайнайды мосыпарда.

Әзірлеп, ішер,
жерін мырзалардын

Тұр еді күтушілер
тосып алда.

Жайылды дастарқан
да, ет туралды,

Сар қазы, жал мен
жая көп туралды.

Бет бар ма ет
келгенде дейтін кілең

Жегіштер жен сыбана
төніп қалды.

Дейді журт надан
болу, мазақ болу,

Ерлік қой ет
жеуден де озат болу.

Сур қазың, семіз
казың бар боп турса

Емес пе зор
мақтаныш казақ болу.

Тойғанда,
шаршағандар тыңайғанда,

Қызарып кан
жургенде шырайларға,

Жігіттер шыға ма
деп жаксы лебіз

Қарайды ығайлар
мен сығайларға.

Ат соккан
ақындардың тула бойын

Ән, сауық қай
жерінде тұрады ойын.

Көз тартып алыс,
жақын көріністер,

Әркімнің сол
суреттер бұрады ойын...

С а п а р

Көрдің бе
Қантөбенің ырғалуын,

Мынадан обал
шығар құр қалуым.

Мол орып, жиып
алсақ биыл шөбін

Аязға алдырмас ек
малдың қоңын...

А ғ ж а н

Ел жаңа елу жылда
дегендейін

Тұрады-ау
жаңаруға тарих бейім.

Бұрынғы атсыз
төбе «Қантөбе» боп,

Көп заман
аталмақ-ау бұдан кейін.

С а п а р

Өшкен жоқ өшіккен
от ішімдегі,

Елестер оқиғадай
түсімдегі.

Оқ тескен, қылыш
кескен бұзықтардың

Кетпейді көз
алдымнан пішіндері.

Бір түнде келген
отряд тауып ебін

Қоршалай құтқармайтын
құрды шебін.

Сақылдап
пулеметтер оқ төккенде

Бауырында қалды
жусап Қантөбенің...

Т ә у к е н

Осы ма ел айтатын
Қандытөбе,

Қаралы, қайғы
шеккен, зарлы төбе?

Осы ма намыстылар
ту тіккен жер

Жолында
әділдіктің қанды төге?

Осы ма қайғы
жолын боратқан жер,

Осы ма, жұртыма
жау оқ атқан жер!

Осы ма Сапар
болыс бастап келіп,

Қырғынға өз
қолымен жол ашқан жер?!

С а п а р

Тоқтат, ит!

А ғ ж а н

Сұңқылдама, тарт
тіліңді!

Байқашы,
басынасың сөгіп кімді?

Тәукен

Сөккенім адам
емес, қандыбалақ.

Көрдің бе қолынан
қан тұр сорғалап?!

С а п а р

Жігіттер,
кайдасыңдар, қайдасыңдар?!

Мынаның қолын
дереу байлатыңдар.

Жүгіртіп жас
сарбазды түзде жаяу

Ауылға антұрғанды
айдатыңдар!

Т әу к е н

Келіңдер, кел,
құрбылар, байлаңдар тез,

Қосақтап итке қосып
айдаңдар тез.

Аң емес, адам
аулап қайттық деңдер

Ұл, қызы, өз
аулыңның болғанда кез!

Мойнына су
кеткендей жігіттердің

Жүзіне қарай
алмай уытты ердің.

Алқымдап бірде
болыс, бірде намыс

Қиналды
қыспағында суық тердің.

Бір жігіт
амалсыздан жүріп бапу

Жанына жас
Тәукеннің барды таяу.

- Келіңдер қолын
байлап, ауылға айдап,

Күнәсын ұзақ
жолда көрсін ойлап.

Сапардың жүзінде
ашу қырауланған,

Гәукен тұр екі
қолы бұғауланған.

Шыдамай Ағжан
кетті сырт айналып,

Қорыққандай
көздердегі сұраулардан...

Бір тұтқын
айдаушысы екі аттылы,

Бетінен
Қантебенін түсті міні.

Көрінбей Сапар
тобы ұзағанда

Жігіттің сөз
бастады сонда бірі:

А й д а р

Жігітсің құрбым,
Тәукен тінің қатты,

Кеудеме ұялапты күйің
қатты.

Астында алтыбақан
айтсаң жырың

Толғантып
бозбалаға ой ойлатты.

Жаныма мына күйің
тағы батты.

Күңірентті,
аһылатгы, аңыратты.

Не дейсің,
ендігісін өзің шеш,- деп

Тұрды да жігіт
аттың басын тартты.

Жігіттің сөйлеп
кетті екіншісі.

А с ы л

Болса да менен,
Тәукен, жасың кіші

Танимын жолың үлкен
ұстазым деп

Бола бер
жүрегімнің әміршісі.

Т ә у к е н

Ырзамын, Айдар,
Асыл серттеріңе,

Актықка
ойларыңның жеткеніне.

Ел көрмей осы
жерден түзге қашсақ

Деп жүртым:
«Көрінбей-ақ кеткені ме?»

Болыстың барайын
мен өткеліне,

Жүрт көзі жетсін
иттік еткеніне.

Ләм демей
ортасынан айдатса елім

Ырзамын су түбіне
кеткеніме.

Сонымен бүлар
талай жерден өтті

Қызарып күннің
көзі төмен шөкті.

Үш адам екеуі
атты, бірі жаяу

Шұбырып шетіне
ауыл келіп жетті.

Тамсанған калың
ауыл шу-шу етті,

Күйген жүрт
кеудесіне күйды кекті.

Қарт ана жыртып
бетін, салып ойбай

Жүрегін
естігеннің дірілдетті.

Жүгіріп аласүрып
Мәриям кепті,

Қызарған ыза
алыпты екі бетті.

Баяндап
көргендерін Айдар, Асыл

Аз ғана ағайынға әңгіме
етті.

Міне, енді ақ
ордаға келді Тәукен,

Сапарды төрде
отырған көрді Тәукен.

Істерің бүдан
басқа тағы бар ма?

Деп сұрау
сұрқияға берді Тәукен.

Сұрланып Ағжанға
да төнді Тәукен,

Ашумен ақ орданы
көмді Тәукен.

Қанға қан, жанға
аямай жан алам деп,

Білдірді бел
буғанын енді Тәукен.

Т ә у к е н

Ортаңнан жұртым
кетемін,

Батқан күнмен
батамын.

Аңмен бірге
жайылып

Даладан дәм
татамын.

Соңыма түсті сар
тазы

Ор қоян боп
қашамын,

Жаным қалса
бойымда

Жақсылық күн
тосамын;

Туар болса тосқан
күн,

Ту астында
жосамын,

Қантөбенің бауырында

Атқа қамшы
басамын,

Ақ орданын есігін

Аңқитып сонда
ашамын;

Төрін әкеп есікке

Өз қолыммен
қосамын!

«Әумин!»- деп тұншыққандар
шығарды дем,

Күбірлеп жатыр
әркім өз ішінен.

Дауыстап жүзіне
қол тигізді ана,

-        Ете гөр көпшіліктің дұғасын ем!

Амалсыз Сапар болыс
елден ықты

Шарасыз тырп
етерге, қысым мықты.

Ақ үйден
оқ-дәрілі жеті мылтық

Тайсалмай Айдар,
Асыл алып шықты.

Сапардын Желтимес
пен Шанжұқпасын,

Кантарып екеуінің
қойды басын.

Бес жігіт ұстап
мінген бес айгырды

Секілді бес
жолбарыс әзір тұрды.

Іс етті Мәриям
сонда мақтагандай,

Ер сертін, ер
мінезін ақтағандай.

-        Аттанам мен де бірге сүйгеніммен

Кімім бар, мұнда
айналып тоқтағандай?

Қайнап бұлт,
тоғытып жел айдағандай,

Боп кетті кек
қазаны қайнағандай.

Шап беріп
Шаңжұқбасқа қонды жас қыз

Жалт еткен бұлт
ішінде найзағайдай.

Сапар тұр өз
көзіне нанбағандай,

Секілді еркелеп
қыз ойнағандай.

Кідірмей
Желтимеске мінді Тәукен

Әттең дер артында
алаң қалмағандай.

Жүйрікке желдей
мінген соң,

Ашыл деп жолым
маңдайдан.

Қоштаса тұрып
Сапарға

Естіртті сөзін
ойға алған:

Т ә у к е н

Намысың болса қуып
жет,

Күтетін жерім қан
майдан.

Болады семсер
төреші,

Кесуші билік
талайдан.

Ішімде қатқан кегім
бар

Сен үшін қаным
қарайған;

Кәзір-ақ шауып
кетер ем,

Түсе ме деп
қорқамын

Күнәсіз жатқан
елге ойран.

Бүл сөзді
естігенде жас пен кәрі

Тұнжырап бұқты
төмен түгел бәрі.

Уылжып езектері
елжіреді,

Естілді
солкылдасып жылағаны.

Ер ана, ерді
туған ақылды ана,

Көкірегі қарсы
айрылып «аһ» үрды ана.

Ел-сал боп көз
жасымен қол көтеріп,

Батаға жұргтың
бәрін шақырды ана.

Шүу! десті.

Шулады жұрт жол
босын!-дап,

Женелді
желе-жорта өншең саңдақ,

Дегенше әне-міне
асты белден,

Баурайда
бұрқылдаған қалды шаңдақ.

Ай туып ашылғанша
көк түндігі,

Даланың бой
көрсетпей еркіндігі,

Кірбеңдеп, бой
жаза алмай наз бедеулер

Ауылды қимағандай
жүрді түгі.

Арқырап күр
айғырлар кезек-кезек,

Сыцғырлап
дауыстары қакты безек;

Үн қатқан
жігіттерден жалғыз жан жоқ

Бәрі де бара
жатты ойын тежеп.

Секілді жеті
жулдыз жылжып жаппай,

Аялдап кең
аепаннан түрақ таппай;

Бөрідей түнде
жортқан жөнелді ерлер

Баяулап тізгін
тартпай, кірпік қақпай.

Тартатын жер
танабын жел табандар,

Алған соң жазып
бауыр заулар-заулар.

Басына қара дүлей
бұлт оралған

Өңкиіп алдарында
турды таулар...

Көкшенің
бауырында тұң, басында жел,

Қайнаған қара бұлттан
құйып тұр сел.

Аспанның ашу үні
күркіресе,

Жалт та жұлт
сілтенеді отты семсер.

Жөн қайда, жоба
қайда білмейді ешкім.

Нөсер су кетті
басып жолдың үстін.

Жауыннан жаудай
соққан ықтап аттар

Берерлік ел
хабарын ұшпайды ұшқын.

Мейлі қар бұрқай
берсін, мейлі жаңбыр,

Ақынның жолсызда
да ойы даңғыл.

Бұлт баспай көңіл
күйі тұрғанда ашық

Қалманды айтылмай
ән, шырқалмай жыр.

Сырты су, маздап
оты кеудесінде,

Келешек күлім
қаққан тұрды есінде.

Әзір ол сүйгені
үшін сескенбестен

Аңмен де, адаммен
де белдесуге

Жап-жас қыз
балапандай ұядағы

Кетті ушып қыран
құс боп қиядағы.

Жауыннан,
дауылдан ол ығар емес,

Оқтан да, оттан
да ол бүғар емес.

Келеді кем
соқпай-ақ жігіттерден,

Талмайды түнде
жүйрік жүгірткеннен.

Келеді өңшең
ерлер, өңшең өрлер

Кертартпас кеуде
толы үміттермен.

Келеді кем
түспей-ақ жігіттерден,

Алмай көз
алдындағы үміттерден.

Қасында Тәукен
барда - не қамы бар,

Жалындай жаны
таза күдіктерден.

Озаттау
өзгелерден жол барлағыш

Айтатын жетті
мезгіл Айдарға алғыс.

Көрмейтін көзге
түртсе қара түнде

Жіберді енгізді
де бір үңгірге.

Бәрі де аттарынан
түсіп жерге

Тереңдеп
бойлаңкырай кірді үңгірге.

Одан соң тынығуға
отырысты

Шешіп бел, аз да
болса кез ілуге.

Келгенде бірі
шаршап, бірі жаурап,

Жауыннан құтылғанда
құйған саулап.

Қара тас төсеп
қойған мамықтай боп,

Ілезде көбін ұйқы
алды баурап.

Бұл түнде ұйықтау
тұрсын, көз ілмеген,

Түн, жаңбыр, жол
жәбір боп сезілмеген,

Жаны ортақ,
демдері ортақ егіз ғашық

Беттерін
бір-біріне отыр басып.

М ә р и я м

Өзің жок жерде,

Менде жок көрік.

Үсаймын гүлге

Қуарар семіп.

Сарғайып жүзім,

Суиды тәнім;

Жұмылып көзім,

Өшеді жаным.

Айрылмай сенен

Қасында жүрсем,

Қанғанша сүйсем,

Деміңе күйсем...

Деуші едім тілеп,

Тағдырдан сурап,-

Бір ғана тілек

Деуші едім
жылап...

Қайрымды-ақ болды

Тағдырым маған.

Арман жоқ енді

Қосылдым саған.

Өтпесе шіркін

Мына түн мәңгі;

Отыра берсек,

Атырмай таңды.

Өкінбес едім

Өтпес деп түнді,

Тілемес едім

Шығар деп
күнді...

Тәукей

Қанатым сенсің

Қиында қағар,

Қуатым сенсің

Қуаныш табар;

Сенімен бірге

Алатын демім,

Тең ортақ бізге

Өмір мен өлім.

Артымыз тұман,

Алдымыз жарық,

Жетеміз соған,

Жетеміз анық.

Кірбеңсіз, кірсіз

Жетеміз күнге,

Қайғысыз, мұңсыз

Жасаймыз бірге.

Сүйді қыз, сүйді
жігіт, сүйді, сүйді,

Махаббат
қараңғыға сәуле құйды.

Алмай дем қалды
тынып тұншыққандар,

Армансыз араласты
ыстық қандар.

Жасай бер,
махаббаттың жастық шағы,

Айқасқан
айрылмасын жас құшағы!

Жасай бер, жаса,
жаса, жас мұраттар,

Жарқырай жалын
ата жансын оттар!

Жаба бер түн
қанаты жастарыңды,

Жасыр сен жат
көздерден достарыңды.

Желпі, жел, қозға
желкем жібектерді,

Желпи бер жанған,
жарық жүректерді.

Жарқылда,
махаббаттың әр минуты;

Өшпееін
жаксылықтың жансын оты.

Алсын жас кең
дүниеден алашағын,

Көрсін жас келер
кунін, болашағын.

Т ә у к е н

Мен қазір семсер
болып шабылар ем,

Қанына
кастастардың малынар ем.

Үмытып тағдыр,
тәңірі бәрін теғіс

Жалғыз-ақ бір
өзіңе табынар ем,-

Деп Тәукен ой жіберсе
Оқжетпеске

Жалт еткен әсем
сурет түседі еске.

Басында
Найзатастың қып-қызыл боп

Теңселіп қырмызы
ту тұрар кеште...

Көк аспан көз
алдына кеп келеді,

Ғажайып
суреттерді еткереді.

Көреді кейде
адасқан ақ бұлттарды

Кейде бір жанған
маздап от көреді.

Жұлдызы үмітімнің,
жастығымның

Бақыты, қуанышы
жас күнімнің

Қабысып қүшағымда
турғанда мен

Жасамаса ешкім
маған қас қылығын.

Ортақпыз күнге де
біз, түнге де біз,

Ортақпыз жырға да
біз, күйге де біз.

Жаралған жанымыз
бір, қанымыз бір

Бір жасап, бір
өлеміз ден жүреміз.

Ішінде кең
дүниенің мен тұратын

Білемін кімдер
алыс, кімдер жақын.

Жарыңмын сен
жыласаң бірге жылар,

Жаныңмын сенімен
бір қуанатын.

Екі жас сәжде
тұтып махаббатты,

Бір сезім қос
жүректі қосты қатты;

Жарамсыз
жандарында калмай күңгірт,

Күнәсіз, күннен
де пәк ой ойлатты.

Бір ғана екі
жүрек ырғақ тапты,

Бір ғана
бойларында қан ойнапты.

Қидырып түн сұлуға
некелерін.

Қосылып болашаққа
бір-ақ тартты.

Болашақ қиял емес
алыстағы,

Жете бер
жеделдете жарыстағы,

Ұшқыр жас от
қанатпен ұмтылса егер

Қашан да қиын соқпас
табыспағы...

Оянып, кайта
аттанды өншең саңдак,

Жол таза,
жауыннан соң ұшпас шаңдақ.

Жазыққа,
күнгейдегі кең далаға

Тезірек орман,
таудан шығып алмақ.

Одан соң кең
дүниенің құшағына

Кірсе бір, қағып
қанат ұшады да,

Тартады Аманкелді
кайдасың деп

Ерлерден қызыл
тулы күш алуға.

Ж і г і т т е р

Жетеміз,
қосыламыз қырандарға,

Еркін жан, еркін
күнге құмарларға;

Оқ пенен өткір
семсер жүзіменен

Береміз біз де
жауап ылаңдарға.

Айтамыз эн қып
біз де бостандыкты,

Ғашықтар жан
жүрегін қосқандықты.

Жырлаймыз ерліктерді,
ізгілікті

Жырлаймыз
махаббатқа дос халықты.

Биіктен ұшып үміт
биіктерге,

Қиялмен айтып алғыс
сүйікті елге,

Шокытып шок
аттылы шыға келсе

Тар өткел
карағайы сүйык белге.

Ат қойды тосқауылдан
жол баққандар,

Азамат кыз
намысын корлатпаңдар.

Қалдырып жау
колында жазықсызды

Тірідей тұткындықта
сорлатпаңдар.

Аз топта көпке
жасар қайда қайрат?

Пайда не калса
қирап, жатса жайрап.

Мәрияні тас-түйін
топ ортаға алып,

Қиқулай жолмен
тіке жөнелді айдап.

Кім екен
қыршындарды сырттан баққан,

Күндеген
жарастықты жастар тапқан?

Аяғын айыбы жоқ
пәк жандардың

Қабар ма
шынымен-ақ құрған қақпан?

Жүйріктер жөнелді
ағып шыға шапқан,

Тұяқтан шоқ
шашырар тас боратқан.

Көлденең
киліккеннің үш-төртеуін

Дарытпай Айдар,
Асыл құлатты аттан.

Дүбірден таң
азанғы дүрліккен ат,

Тұяқтай
тарсылдатты жолды сабап.

Теңі жоқ қыл
құйрықтан екі саңлақ

Суырылып сала
берді ерге қарап.

Тұр екен
тосушылар қабат-қабат,

Ойлары оп-оңай-ақ
алмақ қамап.

Ұстатпай жұлдызша
ағып өте берді

Күнтимес,
Шаңжұқбасқа бітіп канат.

Қарашы,
қараңдаршы шабыс түрін,

Мәриям желге
қарсы ұшты ақырын.

Секілді
жалтылдаған алтын қанат

Жайылды
жан-жағына екі бұрым.

Жалдары
жүйріктердің айдарлары

Жалындай желмен
кэзір ойнар бәрі

Келеді каптай
қуып жалындарды

Даланың екі аяқты
хайуандары.

Қара көз жас
киікті далаларда

Ұтылып қуар
қасқыр қамағанда,

Құмары
хайуандықтың тарар сонда

Ағызып ыстық
қанын, талағанда.

Сондайлар болады
ғой адамда да:

Біреу мәз - көп
боп азды қамағанға,

Біреу мәз -
шабарманның бірі болып

Қашқанның алдын
озып орағанға.

Біреу мәз -
жендеттікке жарағанға

Пышағын
бойлатқанға қара қанға;

Біреу мәз - қара
шыбын сияқтанып

Жас қанды, ыстық
қанды жалағанға.

Қос жүйрік қыз
бен жігіт мінген парлап

Қосылып қызған
сайын кетті сарнап.

Ұстатпай
кетеді-ау деп енді ұзаса

Тәукенді нысанаға
мықтап байлап,

Сапардың тартты атқышы
көлденеңнен,

Оқ қаңғып Мәриямді
ұрды белден.

Қайран жан аттан
ауып бара жатты,

Мезгілсіз жүмып
кезін бұл өмірден.

Шықпаган
Тэукеннің тек жаны барды...

Көтеріп алдына
алды Мәриямді.

Соңғы рет жаралы
аққу ашып көзін,

Жан жаршы әрең
ғана тани алды.

Жіберіп өз еркіне
аттың басын,

Құшақтап ақ аруын
төкті жасын.

Күнтимес шың
басына шыға берді

Елемей ет қызумен
таудың тасын.

Жануар қанша
шапсын жолсыз тауда,

Тас қағып қан ұйыған
омырауға.-

Түбіне жете беріп
Найзатастың

Ат қулап, енді
жаяу тұрды қашқын...

-        Апырмау қайда кеткен, қалай кеткен!

-        Басына Найзатастың қалай жеткен?

Деп қарап
қуғыншылар тұр таңырқап

Ала алмай
көздерін бір сонау көктен.

-        Әнеки күн келеді, күн келеді,

Күн келсе жердің
беті гүлденеді.

Дүние көз алдымда
түрленеді,

Бірақ та
сүйгенімді кім береді?..

Әнеки кун келеді,
күн келеді,

Кун келсе шіркіп
дүние түрленеді,

Жарымның құшағымда
жалыны өшіп

Жалғыз-ақ жаным
менің күңіренеді.

Жылайды жаным
менің күңіренеді,

Жырламай тілім
енді күрмеледі.

Басында
Найзатастың қалар едім

Қосақтап қосағыма
кім кемеді?

Деді де жаралы
акын аз толғанып,

Шетіне
Найзатастың тұрды барып.

Зеңгір көк
үстінде аспан, астында көл,

Келеді күн де
лаулап, от боп жанып.

Мәриямін қысып
қатты, сүйіп-сүйіп,

Кезінің ең ақырғы
жасын құйып.

- Қош, дүние,
кош, жастығым, қош дәуренім,

Жарыммен кеттім
мен де бәрін қиып.

Деп, Тәукен айдын
көлге атты көктен,

Алдында жайып
көлін жатты көктем.

Алдынан шашып
нұрын күн де шыкты,

Көтеріп көкке
туын жарқ-жұрқ еткен.

 эпилог

Барады жосып
қосын жол қуалап,

Барады жөңкіп
қаңбақ жел қуалап.

Қанша рет жер
ағарды, жер көгерді,

Қанша рет жыл
ауырлап, жеңілденді.

Бәрін де айтады
ақын, ұмытпайды,

Жырланар араласа
үміт, қайғы.

1937-1960 жылдар