ВЕРНУТЬСЯ

      Бір мін жоқ
тұрысында, жүрісінде,

біреудің нұрысың ба, гүлісің бе?

Күндесін
жатым қайтіп енді мені,

оянам
атынды айтып түн ішінде.

Біреудің
гүлісің бе, нұрысың ба,

бір мін жоқ
жүрісінде, тұрысында.

Майысып
балғын денең, бұратылып,

мені де
салдың бүгін ұлы сынға.

Апыр-ау, нұрымысың, гүлімісің,

біреудің
үзілерде үнімісің?!-

Ақынның
жанарынан шық тамдырған,

сыртыңнан сұқтандырған бүгінісің.

Біреудің
гүлімісің, нұрымысың,

тұрады сен
дегенде ұлып ішім.

Әйтеуір, су берсең де, у берсең де,

өтінем, өзгелерден бұрын ұсын!...

Түсім шығар,...

немесе ісім шығар
бір ағат,

оған бола біреуді
тұрған жоқпын кінәлап,

жақпай жүр деп
жақсыға міней алмас мені ешкім,

Жан біткеннің біріне жауыз ғана ұнамақ!

Мың сан ойлар күніге сапырылып санамда,

соған бола біреуге тағы да мін тағам ба, -

Өткізе
алмай өзімді, жеткізе алмай сөзімді

келе жатқан жоқпын ба, өзге түгіл, саған да.

Түс скенін біле алмай,

іс екенін ағат бір,

күрмеледі мұндайды
түгендеуге салақ тіл,

"He
дейді" - деп тағы да,

тимек пе екен шамыма, -

сыртымыздан біреулер сығырая қарап тұр...

Мен де тұрам

сен тұратын
қаланда,

жолығамын жақсыға да,

жаманға.

Басып кеткен жоқпын ба деп ізінді,

ауық-ауық қарап алам табанға.

Баратын жер,

басар тауым жоқ басқа,

мен де отырам

сен отырған көктасқа,

сенбей тұрам

әңгіменді қанша
бір:

"0, жасаған,
өзің сақта!" - деп баста.

Мен де жүрем

сен жүретін көшенде,

естіге де
кезігемін, есерге.

Табанымды тұрам ұзақ
сүрткілеп,

етігімді шешерде!