ВЕРНУТЬСЯ

      Кең жазып,
айналайын, қанатыңды,

Жарып өт, жатса
алдыңда, қара түнді.

Бекемнің
балаларының бәрі сұлу,

Бекемнің
балаларының бәрі ақылды.

Тартты олар
Бекеме де, Жалғасқа да,

Бой жеттің сен,
кешегі жап-жас бала.

Туып ең
Алматының қақ төрінде,

Бүгінгі
мекен-жайың болды Астана.

Өмір кеш дүниеде
түк тарынбай,

Жүре бар алға
қарай нық қадымдай.

Жаныңды Әділің
де ұғынады,

Сен оның
жан-жүрегін ұққанындай.

Ол сүйді,
Гүлшара қыз, сен деп жанды,

Сезімі тоқтау
бермес селге айналды.

Екеуің
қолдарыңмен жаққан алау

Лапылдап тұра берсін сөнбей мәңгі.

Қонады, ұша білсе, бақ та құсқа,

Қарағым, қайда
жүрсең, бақ намысқа.

Екі адам ойлай
білсе бір баспенен,

Олардан кете
қоймас бақ та алысқа.

Өзіңнен қалмайын
деп күн жүгірді,

Дүние аппақ нұрға бір жуынды.

Гүлшара, бақытты
бол, айналайын,

Жолыңа шашу еттім бір жырымды...