ВЕРНУТЬСЯ

Өткеніңе мүмкін емес толқымау,Жеткеніңе мүмкін емес шалқымау,Заман сені қайда сүйреп барадыДана пейіл, бала көңіл, халқым-ау! Даналығың шежірең бай шертерлік,Мұра да мол тізбектелген көркем ғып,Хақ бұйыртқан орның асқақ, еңсең тікДалаң сақи, берекелі өлкең – құт. Даналығың, ұлан-байтақ қонысың,Намысыңды жалаулатқан соғысың,Ұрпағыңа үрдіс қалған оң ісіңҰғынғаның екі дүние мәнісін. Балалығың, әрбір жайға елігу,Қолдағыны ұқсатуға еріну,Асылыңды жерге таптау, жерінуБәз біреудің жасығына желігу. Балалығың, қалмай жүрген шүлдірің,Кім көрінген желпілдеткен түндігің,Өзгелерге құрақ ұшқан құлдығың,Өз жерінде өгей болған мұңлығың... Өткеніңе мүмкін емес толқымау,Жеткеніңе мүмкін емес шалқымау,Заман сені қайда сүйреп барады,Дана пейіл, бала көңіл, халқым-ау?!. 06.09.2002.