ВЕРНУТЬСЯ

      Біреуі мен едім ғой қалаулыңның,

саңда да,

санатта бар санаулы ұлдың,

қанша бір дағдарғанда -

аңғарғанға -

жұлып ап
жүрегімді алау қылдым...

Байланбай баянсыздау қамытыңа,

бағдар да болғым келген бағытыңа.

Сөйледім ағытыла аспан жақтан,

шаттығың шабьгг қосып шабытыма.

Жүгіре жалау етіп жүрегімді,

жоғынды түгендестім, тілеп үлгі.

Кезде де тәлкек-тағдыр тізгіндеген,

өзіңнен
үздім бе мен күдерімді?!...

Өзімнің далам ұнап,
ұнап аспан,

өтпеді не ғажайып мына бастан,

- Кей-кейде елге
сыймай кете тұра,

жерім жоқ тұра
қашқан, кінәласқан...

Жүректің алқынғанын, талпынғанын,

Қаншама жалын барын, жарқыл барын,

маған да бір жағынан сеніп, күліп,

отырсың керіп-біліп, халқым, бәрін.

Қалсам деп бірі болып қалаулыңның,

Жанымды алау қылдым, жалау қылдым.

Бірі деп Сен де, мені сана, халқым,

саңда да, санатта бар санаулыңның.