ВЕРНУТЬСЯ

14 қазанда Атырау облысының Новобогат ауданында дүниеге келген.Мұнай рабфагін бітірген соң, 1939 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде оқыған.Ұлы Отан соғысына қатысқан. Республикалық "Социалистік Қазақстан" газетінде очеркист, Қазақстан Жазушылар одағында поэзия редакциясының меңгерушісі боп қызметістеген.1959 жылдан өмірінің ақырына дейін бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысқан.Өлендері алғаш баспасөз бетінде 1936 жылы жарияланған. Содан бергі уақыт ішінде қырықтан астам төл кітаптары мен аударма жинақтары шықты. Проза саласында да қалам тартып, әңгімелерін көркем очерктері мен публицистикаларын жеке-жеке кітап етіп ұсынды. "Әке сыры" (1947), "Үлкен жолдың үстінде" (1949), "Біздің ауылдың қызы" (1959), атақты "Құрманғазы" (1958), "Күй дастан" (1970), т.б. ондаған поэмалары бар. Шығармалары түгелдей дерлік орыс тіліне аударылған, Мәскеу баспаларынан бірнеше кітаптары жарық көрген.Аудармашы ретінде Пушкин мен Лермонтовтың, Шекспир мен Байронның, Науаи мен Маяковскийдің туындыларын қазақ оқырмандарына жеткізді. Қырғыздың "Манас", карақалпақтың "Қырық қыз" атты халыктық жырларын қазақшалауғақатысты. Қазақстанның Халық жазушысы (1986).ҚР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының ("Алтын зерең" өлеңдер жинағы үшін, 1981), республикалық Жамбыл атындағы сыйлықтың ("Біздің ауылдың қызы" өлеңдержинағы үшін, 1953) лауреаты, II дәрежелі Отан соғысы, екі рет Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" және Халықтар Достығы ордендерімен марапатталған.  

Хамит