ВЕРНУТЬСЯ

       Шақырып шабыт құсын, шыр айналдым,

Бозардым,
жадырадым, шырайландым.

Анаға бітетұғын мейірменен

Ел үшін туған
жанды бір айналдым.

Байқаймын,
биігіңе жаңа бардың,

Жүрегің халық
үшін жанады әр күн.

Жүретін сен ұмытпай, бақыттымын,

Ішінде болғаныма
ағалардың.

Тосқанмен
бақытымның ізгі өткелі,

Ақынмын ерте
келген күзге өкпелі.

Қалғанда Жаңа
жылға дәл екі күн,

Айғайлап хатың
жетті іздеп мені.

Тағдырым
еркелетті сірә қыспай,

Елестеп елге
берген бір алғыстай.

Сілкіндім қуаныштан
хатыңды оқып,

Ұшуға
әзірленген қыран құстай.

Адамның бірі
бүтін, бірі жетім,

Кейде бір шақ
келеді тірілетін.

Жасардым біраз
жылға хатыңды оқып,

Сезіндім жылы
сөздің құдіретін.

Басыма қонды
келіп бір құс
менің,

Бергендей өмір
атты ырыс төрін.

Күнде ойың
шарықтады ел көгіне,

Жыл бойы ел
көзінен бір түспедің.

Көретін
алыстарды отың - дүрбің,

Халқыңның
жүрегіне батыл кірдің.

Газеттер
өміріңнің әрбір сәтін

Асықпай жазып
жатыр, оқып жүрмін.

Шаттықты, көрем
кейде мұңды өңіңнен,

Досыңдай екеуі де бірге жүрген.

Аман бол арыстан
боп туған бала

Ел үшін қан
майданға күнде кірген.

Қарсы алсын нұрлы кештер, үміт таңдар,

Алыстан көріне
бер, жігіт Талғар.

Ел үшін өмір
сүріп,

қара басын

Бақытты шығар,
мүмкін, ұмытқандар.

Көңілімді қозғап
кетті-ау мына хатың,

Жырменен берді
жауап бұған ақын.

Халықтың шыны
болдың,

шыңы болдың

Басына қыран
ғана шыға алатын.

Білемін, мен
үшін де уәйім жедің,

Бұлт болса көңілінде, қуайын дедің.

Бақытым,
мақтанышым мандайымда,

Биігім аласарма
дәйім менің.

Ұйқыңнан
елің үшін оянасың,

Келер күн
қуанышын аямасын.

Жаңа жыл саған
да, Имаш, бақыт әкеп

Анаңмен бірге тұрып аяласын.