ВЕРНУТЬСЯ

           Мынау өмір қалған
бізге мұраға,

барымта мен қарымтадан тұра ма?

Үйдегі қой,

мидағы ой ұрланып,

көмілгендей көз көрмейтін ұраға.

Табыныңды қасқыр алды қоруға,

дарыныңды дәлдүріштер торуда,

дорбалаған,

арбалаған қу құлқын,

жерді тесіп,

елді теспей соруда.

Мұнайыңды жұтқызады
қалтаға,

құдайыңды
ұтқызады картаға,

теміріңді, көміріңді аз десең,

өмірінді қоса жұтар,

қорқа ма?

Бар әлемге болғаннан соң ақша би,

қалды ма екен қанда - намыс,

баста - ми?

жөргегінен алдануға үйреніп,

құр
еміздік сорып жатыр жас сәби.

Аяқтарын баса алмайды барлықтан,

қорқар кім бар бұйрық
пенен жарлықтан?

Қазақ озды,

қазақ озды, адамзат,

тым болмаса ұрлық пенен қарлықтан.

Даңқтырақ

дәніккеннен құныққан,

кім құтылар
құлқын деген құрықтан,

бар ұрының
аузын бір-ақ ұратын,

Ажал деген ұры
барын ұмытқан.

Қарағым,
аспандағы Күн, Айға да

Қарасаң - көзіңді ашып,

сынай
қара.

Қашан да қақтың суы тұнық келер,

Ағады асау бұлақ ылайлана.

Тағдырдың шеңберінен шыға алмайсың

Қаншама жүгірсең де шыр-айнала.

Біреулер қара терге малшынғанда,

Рахатын басқа көрер шырайлана,

Су аяғы құрдымды
сезе тұрып,

Түбіне жете алмайсың мың ойлана.

Ғұмыры
адамзаттың екі түрлі,

Себебі екі көз бар Құдайда да.

«О, Тәңірім,

оң көзіңмен карай гөр!» - деп,

Сиьшып сәбиі үшін құлайды Ана.

Күтіп тұр сол сәбиді қандай тағдыр? -

Біз үшін шешілмес бұл сұрау ғана.

Өше ме,

Өсіп-өніп,

Өркендей ме? -

Аян ол әлемде тек бір Аллаға.

Адамзат баққа,

Таққа ұмтылады,

Көлденең жолына
оның кім тұрады?

Қолдағы қазынасын
қарбап қылар

Біреудің қызықтырып жылтырағы.

Кемшін мен кембағалды көзіне ілмей,

Шен-дәулет,

Сән-сәулетті жыр қылады.

Даңқ қуып,

Дақпырт тауып, атақ іздеп,

Құл болып қу құлқынға
қылқынады.

Жасаған оң көзімен қарамаса

Бәрібір бар жігерін құм қылады.

Көрместен өз көзінің алалығын,

Құдайды ұялтпақ боп жұлқынады.

Қан төгіп,

Қаһарланып,заһар шашып,

Соғысып, бірін-бірі құр қырады.

Жаратқан қарар ма еді оң көзімен

Жарасса адамзаттың ынтымағы?

Бек те өтер,

Байбатша да,

Байғұс та өтер,

Басылмай бұл жалғаннан бір құмары!..