ВЕРНУТЬСЯ

Болғандаймын қарауыл бүгін бейне,Қойды-ау тіпті кірпігім ілінбей де.Қағатын не терезе әйнектерін,Қара түнде қаракөз күбірлей ме? Ұшып кетті ұйқы-құс, тыншымадым,Сағындырған тербетті сыршыл әнім.Құлын мүсін, қылықты қалпыңмененЖанарымда бір сәтке тұршы, жаным. Құмар қанбай, сүйгім кеп ұмсынамын,Қыл арқандай керіліп тұр шыдамым.Қара түннің талпынып құшағында,Жүрек, жүрек... іздейді күн шуағын!..