ВЕРНУТЬСЯ

       Қазағымның
білгірі,

қаламгері,

Сүйікті еді
еліне, қалауы еді.

Кеуде тосып тұратын елден бұрын,

Қалай соқса
бәрібір заман желі.

Бәрін ерте
көретін елден бұрын,

Ақ қағазға
өретін кеудең мұңын.

Айбынды елдің өзіне сыйлаушы елдің

Ай-күндердің
өзіне берген жырын.

Таланттының түні
ояу, күні де сәнді,

Айтпаймын деп
бәлденер бұл емес әнді.

Біле тұра барлығын,

білемін деп

Айтпайтұғын сабазым дүние салды.

Айтты ол да заманның
отты өлеңін,

Аз береміз деген
жоқ көп беремін.

Жас Қамалым жастықтан алыстамай,

Бастықтықтан бас
тартпай өтті өренім.

Түмеке емес, сен
оған Тұманбайсың,

Сәл жіңішке
күніңнен жуандайсың.

Келе жатса
күлімдеп саған қарай,

Оны көріп сен
қалай қуанбайсың.

Москва да, Киев
те оны білген

Баршамызға
сүйікті өмірімен.

Барлық жұртты қуантып жүрген қазақ,

Барлық жұртты жылатты өлімімен.

Көрген емес тұлпары тасырқап та,

Қалған емес мұңайып жасыл артта.

Қалай еңбек
етудің үлгісін де

Беріп кетті
Камағаң жас ұрпаққа.

Ойлап тұрсақ, ағамыз ірі-ақ екен,

Ұмытпайды
Камалын мына мекен.

Сөйлей білген
қызыл тіл кесіле ме,

Жаза білген от
қалам сына ма екен!