ВЕРНУТЬСЯ

Қарсы үйде балконнан қыз көрінді,Жадыратты  нұр шуақ  күз-көңілді.Ілдірді көк аспанға жұлдыздарды,Жіберді шығарып ол дүзге күнді. Кейін ол соған қарап есінеді,Есінесе сұлу қыз... шешінеді.Өй, кетпе!Кетпе қазір балконыңнан,Сен кетсең бар үмітім кесіледі! Сен онда сөндіресің жарық айды,Мені сосын оқушы танымайды.Қалады жақсы бір жыр жазылмастан,Сөйтіп сен өлтіресің Қалыбайды! Тұра тұр!Мына өлеңім тәмамдалсын,Мына Күн,Мына жұлдыз тарамдалсын!Ілініп сен арқылы жұрт көзіне,Әбдіраманов Қалыбай аман қалсын! Қарағым, болмайды ол асыққаның,Ұмытпа қарап тұрған ғашық барын!Тұра тұрсын аспанда ай мен жұлдыз,Төгілмесін менің де қасық қаным!                     22.10.1999 жыл