ВЕРНУТЬСЯ

О, Каспий!Қай дәуiр ед сенiң соғып жататының КүйкенгеҚай дәуiр ед сенiң толып келмейтiнiң икемге.Қай дәуiр ед Қаратауың, Ақтауларың арал боп,Талғамастан жұтатының бар нәрсенi сүйкенген.Үстiртiмдi өрнектеген толқыныңмен өпiрем,Ақ бауырын ұрып тасқа аласұрған бекiрең.Су перi қыз суын мiнiп дай жiгiтiн аңсайтын,Қай дәуiр ед,Қай дәуiр едАйтшы, Каспий, өтiнем...Ұмытылды содан берiКөп құпияң,Көп әнiң,Үгiтiлдi толқын сүйген жақпар тасы жағаның,Үмiтiмдi маздатуда ендi менiң о, Каспий,Су перi емес,Суын емесМұнай басқан табаның.Бар жақұтты басып жатыр сенiң жалпақ табаның,Ұлың болып өр кеудеме арман отын жағамын.Ықылымнан берi жиған қазынаңды қи маған,Өр төсiңде еркiн жүзерКелдi-ау деймiн заманым...              ***Бір ғажабы, ғажабы,Өзінде Әлем назары.Саясат саған ойысты,Бұл сенің бәлкім -Базарың.Бұл сенің бәлкім -Ажалың.Ортаймас Қара қазаным,О, Каспий.             ***-О, Каспий!Қайсысысың көл мен теңіздің?-?-Үндемейсің... мінезің – ай кең, ізгі.Картада жатсың (сезем мен),Терісіндей боп өгіздің...Жіліктелу ғой ежелден,Қасиеті де семіздің,Қасіреті де семіздің.               ***Су алады (дұрыс бұл)Өзіңе кеп әр күн бұлт.Суарады қыр үстін,Найзағайын жарқыл ғып.Қуанады халқың – жұртДеп:«Бізде екен Алтын Түп»,О, Каспий!               ***Десем де:«Кеткен талай өзгелерге есем де»Әкем де сенсің, шешем де.Тойы бар бақыт көшем де.Айналмай ұрыс – кеселге,Ырыс – құт болшы бес Елге.О, Каспий!               ***О, Каспий!«Қазақстанкаспийшельф» -Ұғым бұл,Бар қабатын қопаратын түбіңнің.Мұнай – Дәулет,Мұнай – Сәулет,Мұнай – Жыр,Міне, ұраны бүгіннің.Бір жеткізсеЖеткізетін Алысқа,Айналдырып мұнай селін ағысқа.«ҚазМұнайГаз» деген мықтыЖәне сен,Қазақ елін теңдестірБарысқа!            ***О, Каспий!Жайқалтар нуыңды,Ысып күн,Ащы суыңды -Тұщыттым.Жасау көркің бұл -Базары құстың.Асау толқынның,Наз әнін құштым.Гүлін ашады,Кемпірқосағың.Нұрын шашады,Бетім тосамын.Шақырып қыз – айдын,Шаңқ етіп шағалаң,Танкерлер ұзайды ...Жағадан.Теңізге күн батқан,Қызыл нұр арайлы...Төніп қабақтан,Ақтау қарайды.          ***Уа, Каспий,Тәрiздiсiң сен қиял,Қиял сырды –Жайық құяр,Едiл құяр,Жем құяр.Ағызумен аңыз жырдың асылын,Сосын саған Мен құям.Сеземiн ғой,Сеземiн ғой,Сеземiн,Өттi бастан небiр дәурен кезеңi.Мен құйып ем асып-тастың арнаңнан,Өлең-жырдың өзенiн.Ұмыт қалған қан жүредi тамырдан,Толқын шайып жуылады қабырғам.ТiрiледiМузейлерде экспонат боп тұрған,Жезтырнақтар,Таутайлақтар,..Динозаврлар.Әлгiлердi аулайтұғын Есек мерген шығады,Заманалар қайталанар, әйнек бiр күн сынады.Не айтып кеттiм, кешiр, досым, бәрi әзiл ғой, бәрi әзiл,Бұл әзiлдi ерiктерi кiмдер қалай ұғады...                                               ***Бүгін сәби,Ал ертеңгі тастұғын,Міне, осындай құдіреті бар Каспийдің.Ұлы мақсат жолындағы жандардың,Ерлігіне,Өрлігіне,Басты идім.