ВЕРНУТЬСЯ

   Құмға аунатып жауыңды, тасқа аунатып,

Шынықсаң да
қаншама жастан қатып.

Аман қалдың ғайыптың күшіменен,

Көлігіңді жарғанда аспанға атып.

Тал бойына мыстанның сөзі сіңген,

Жарамсақ көп бұл күнде көзі ісінген.

Көлігіңді бомба боп кім жарады,

Сатқын сұмдар
шықпаса өз ішіңнен?!

Сені ажалдан
періштең қақпағанда,

Жатар еді тапталып
Бақтабанда.

Жарыла ма көлігің аспанға ұшып,

Бір сұмырай сыртыңнан сатпағанда?

Жүрегінен ізгілік туындаған

Сардар едің елді
ойлап шырылдаған.

Сатқындарға жол беріп жүрсің неге,

Ер емес пе ең соғысты тығындаған?!

Туған жердің төсінен табаны ауған,

Сатқын қанша оқ атқан жағалаудан?

Сені ажалдан сақтаған ақ періште,

Нұры емес пе Алланың саған жауған?!

Сатқын сұмдар
шоқ түскен өзегіне,

Кімді өлтірмек болғанын сезеді ме?

Саған ажал мылтығын кезенгені -

Оқ атқаны
емес пе өз еліне?

Асылына оқ атқан, қандасына-

Халқың ертең
салмай ма жамбасына.

Жұтпақ
болған Елбасын асыққандар -

Аспақ болып өз басын тал басына.

Жоқ,әлде бұл
ішінен дүмпу атқан

Кішігірім соғыстың жалғасы ма?

Кім-кімді де ақылдан жаңылдырған,

Заманнан ба сарсылтып сабылдырған?

Сатқын шығар деп әсте кім ойлаған

Батыр жұрттан жаһанды табындырған.

Сығалаған сатқындық есігінен

Елдерді әлі елдемесі кірген.

Опат болған кезінде Отан қанша,

Жалғыз ғана сатқынның кесірінен?!

Соқпай тұрмас құйыны жат құмдардың,

Сақта еліңді,арманын
сақта ұлдардың.

Қай көсем де ел көзін ашсам деген

Көзін жойған алдымен
сатқындардың.