ВЕРНУТЬСЯ

        Қазағымсыз
кіммін мен,

ешкім емеспін,

Сағымды қуып,
соңынан көштім елестің.

Өмірінің жарымын
ұйқыға берген

Қатардағы
шалымын кешкі кеңестің.

Қазағымсыз мен
осы

қадірсіз
қартпын,

Азабын ойдың
өзім бір әділсіз тарттым.

Қартайып бара
жатқан бір

қара ағашымын

Күңіренетін
күздегі көңілсіз бақтың.

Қазағымсыз мен
осы жүрген біреумін,

Керегі жоқтай бұл маған өмір тілеудің.

Шаршай берудің
жөні жоқ жарысқа түсіп.

Аңсай берудің
жөні жоқ

қыздың гүл
ернін.

Өзіме дегем бар
еді құрмет

бұрында,

Бірде Алакөлде
демалам,

бірде Қырымда.

Қазаным оттан
түспейді, мақұлмын
өзім

Қазағым үшін жас
болып

жүре тұруға.