ВЕРНУТЬСЯ

       Туған жерден
кетерде

Алдым қызыл
аршаны.

Болды оным
бекерге,

Бәрібір жан
аңсады.

Туған жерден
кетерде

Іштім тұнық көл
суын.

Болды оным
бекерге,

Қанбай қойды
сусыным.

Туған жерден
кетерде

Шықтым биік
тауына.

Болды оным
бекерге,

Сеп болмады
жаныма.

Не дер екен
бұган ел,

Сенен артық жоқ
десем?

Барлық ойым,
туған жер,

Сенен ұзап
кетпесем.