ВЕРНУТЬСЯ

       Келеді киік
тобымен,

Келеді құлап дөнестен.

Келеді дала
жонымен,

Қуалай қуып жел
ескен.

Бәрібір оған
жар, адыр,

Не керек жолдың
төтесі.

Бәрі ұйқыша.
Қарауыл -

Күзетте жалғыз
текесі.

Қалғиды қалқан
құлақпен,

Ұйқыда
бәрі тым-тырыс.

Түртеді теке
тұяқпен,

Шыға қалса бір
дыбыс.

Суаттың суы мол
емес,

Суылдай берер құрақтар.

Ойыны бейне
төбелес,

Алысады лақтар.»

Сүзісе қалған
сол бір кез

Тетелес өскен ұл-қыздай.

Құралай көз, мөлдір көз

Жарқ етер сонда
жұлдыздай.

Атылып кекке
секірді,

Бойында бір күш
сиқырлы.

Өзіңнің балаң
секілді

Ол-дағы саған
сүйкімді.