ВЕРНУТЬСЯ

Қазақ тілді қазақ бар,Орыс тілді қазақ бар,Таңданбай көр ал енді, адам сенбес «ғажапқа».Екі жақ боп айқасып тартысуда бір көкпар.Өздерінше шүлдірлер екі жақтың еркесі,Ортадағы додада қазақ тілі –«серкесі».Анда –мында тартқан соң түте –түте шығыпты,Соры қалың «серкенің» қайғысын кім ұғыпты.Бір -бірінен екі жақ айлаларын асырмақ,Кемшілігін көзге ұрған өзгелерден жасырмақ.Қазандыққа кім салса соның тілі жанбақшы,Бағы жанып бірінің,Бірі гүлдей солмақшы.Мазақ еттік өзіміз тілімізді арайлы,Ал өзгелер біздерге «тамашалап» қарайды.Қазақ тіл мен орыс тіл қатар тұрмай болмайды,Сахнада екі тіл қатар тартар сырнайды,Мінбеде де екі тіл мұңын қатар «жырлайды».Арғы - бергі тарихта кім көріпті ондайды.Онда -онда заңымның орындалмай талабы,Артық кетсе біреуі, бірі қысыр қалады.Орыс болып қазекең кеткендігі соншама,Айта алмаймын бұл үрдіс созыларын қаншаға?..                                                                      2010 ж                ***Құлқын...Сен жасап ылғи ез қылық,Адамды ардан бездіріп.Торғайды торға түсіресің,Қырғиды қолға түсіресің.Үрген шардай сен сосын ісінесің...Оның соңы не екенін түсінесің,Сыймай бара жатыр ғойІшіме сыр...