ВЕРНУТЬСЯ

         Қолыма қалам
берді, орнынан қозғалды да ой,

Сол ойды аялауға
соңынан сөз барды ғой.

Шамынды қайта
жағып, ұйқынды бұздым аздап,

Құлтай-ау, ренжіме, бәрі де аз қалды ғой.

Достарым жиылады
үйіме ауық-ауық,

Бәріне де беру
керек бітпейтін көңіл тауып.

Домбыра
тартылады, қарта да ойналады,

Шарапсыз болар
ма екен шалдарда ойын-сауық.

Оларсыз кәрі
көңіл түрленіп қуанбайды,

Қашанғы кірлерін
де белсеніп жуа алмайды.

Қалтамда қалған
соңғы тиынды солар ұтсын,

Бәрінің ұтқысы кеп тұрады Тұманбайды.

Бәрі де аз қалды
ғой, жол соңы тұр
көрініп,

Алысқа жол
тартып ек атқа да бірге мініп.

Бір күні өшіп
қалып, санынды соқтырады

Аялап жүрегінді
жыл бойы жүрген үміт.

Бәрі де аз қалды
ғой, аз қалды бәрі, Күлтәй,

Кетпейді көз
алдымнан басы асау бір қоңыр тай.

Жасағым кеп тұрады өзіңе бір жақсылық

 
Асығыс кете қалсам, жүрсе деп сен ұмытпай...