ВЕРНУТЬСЯ

Көне қорғандар жатыр нардай құлаған,Ойды құйын боп сапырғандай бұл алаң.Қанды қырғыннан жаңа ғана шаршап кеп,Көне қорғандар, батырлардай сұлаған. Көне қорғандар тұрып адам күшімен,Жеткен бүгінге бағзы заман ішінен.Көне қорғандар аласарған мүжіліп,Қызыл иектей жұрдай болған тісінен. Соғып өтті ғой, талай дауыл дүркіреп,Соғыс өтті ғой, бейне күндей күркіреп.«Шүкір, шүкір...» деп, күбірлеген қарттардай,Көне қорғандар тыныштықты тұр тілеп!..