ВЕРНУТЬСЯ

     Жақсылыгың күнде үмыт,

    Бір жаңылсаң болды кек.

    Абай

     Көңіл қалып ағадан, ініден де,

араласқым келмейді бірімен де,

әй-шай деспей ақыры сынған шөлмек

кұрсауларға
көнер ме, кірігер ме?!...

Кем еді
деп күніге елден ебі,

жібергісі келмейтін төрге мені

ағайыным алдында

бар айыбым -

арсыз болу қолымнан келмегені.

Қитығына тие ме дүлдүл үнім,

үдірейіп ұяттан
тұлдыр інім,

аяғымның астынан пыр-пырлатып,

ұшырады
бөдене, бұлдырығын.

Жалбаң қақса жамағат жыртық пейіл,

жалт береді жайдақ ат үркіп кейін.

Қыңырайып бір тұста
ағам отыр

Қона түсер қоңсыздау бүркіттейін.

Тірлігі ез бе білмейсің, құл мінез бе,

Қай қылығын айтарсың ұлдың езге.

Жақсылықты білмеген,

Қайран ғана

He дей қоям дүлей мен дүмбілезге?!...

Ініден де түңіліп, іріден де,

Аралысқым келмей жүр бірімен де.