ВЕРНУТЬСЯ

Көргендей
бол өзімді
Хаттан оқып атымды.
Сағынсаң жұмып
көзіңді,
Бауырыңа
бас хатымды.
Сарғайып
жетер бұл қағаз.
Сағынышым тәрізді,
Сақтаулы жүрді ол біраз.
Сақтаған сары тер
ізі.
Жолшыбай тағы
кір шатар.
Сонда да, сәулем,
жерінбе!
Қадірі мол қасиет
бар
Солдаттың
ащы терінде.
Қан майданда жүр солдат
Қамы үшін туған
еліңнің.
Айқаста жауды
талқандап.
Ақтайды халық сенімін.
Басталды жеңіс
жорығы.
Басталды жорық ғаламат.
Жаршысы етіп мен
соның
Жолдадым саған,
жаздым хат
Қарайын мен
де қайтіп көп.
Сақтап қой, жырғып тастама.
Сен де оқы солдат хаты деп.
Мақтаныш етіп басқаға.
Соғыс
бітер, шатқыр күш.
Болайық тойдан үміткер.
- Сүйс білсең,
сондай сүй! -
Деп жүрсін қыз
бен жігіттср.
194