ВЕРНУТЬСЯ

            Көркіне көлге
түскен тау таңғалып,

Ай тұрды
аспанында арқандалып,

Су ішіп
Жасыбайдан бала марал,

Жасқанып екі
көзі жаутаң қағып.

Секілді ол көптен күткен жан арманы,

Көз нұрым көркіне бір қана алмады.

Мен оны ата
алмадым, уа, тәңірі-ай,

Елімнің аз ғой
сендей маралдары.

Сен мені терең
ойға батырасың,

Басына Баян
таудың шақырасың.

Кер марал, бір көрін де жоқ боп кетші,

Талайлар бір ата
алмай қапы қалсын.

Шаңқай түсте
қайнағанда күн ысып,

Ала бұлттар шұбырып кеп су ішіп,

Арғымақтай
жалбыр жалын сілкініп,

Көл бетінен көшеді
жай жылысып.

Табиғаттан
еркінше мол сый алып,

Жатады айдын
кеудесінде күй ағып.

Қарағайлар күнге күйген балтырын

Суға малып,
қызарады ұялып.

Айнала тас
қоршап алған жағаны,

Секілді ол осы
көлдің қамалы.

Қос ескекті
қатар сілтеп екі жас,

Су бетіне өлең
жазып барады.