ВЕРНУТЬСЯ

      Алматыма
аттандым

Ақ көңілмен дос,
тату.

Бар сырыңды
ақтардың,

Рақмет, қош,
Баку.

Көрмеймін деп мен сені,

Есенинше айта алман.

Ашып тастап
кеудемді,

Оралармын
қайтадан.

Үлгермедім
аралап,

Қалды күтіп өзенің.

Тұлпарымен Қарабақ

Тауларынды
кеземін.

Қонақтармын
бейне аққу,

Бір күні кеп көктемде.

Азербайжан, жан
Баку,

Шомылармын көк көлге.

Алматыма
аттандым,

Ақ көңілмен дос,
тату.

Көп сырыңды ақтардың,

Көріскенше қош,
Баку!