ВЕРНУТЬСЯ

        Жүрегі жыр, жаны
жыр, сенгені жыр,

Жыр деп ойлап
жүретін өңгені кіл.

Шаңғытбаев
Қуандық дейтін ақын

Еркесі еді
елінің еңбегі гүл.

Мен онымен бірге
едім бала жастан,

Жан ағамнан
кездерім жоқ адасқан.

Қуекемнің тұлпары зулады алға,

Зулады алға,
артына қарамастан.

Арман ару күле
ме, сыландай ма,

Оның көріп
дидарын, қуанды ай да.

Қызды қуып жете
алмай қалған жігіт

Қуандық па, Сағи
ма, Тұманбай ма.

Ажар беріп
жүруші ең кең өлкеңе,

Ұқсамаушы
ең мақтаншақ көп еркеге.

Мына біздер іні
едік саған, аға,

Еліктейтін
өзіңе, көлеңкеңе.

Үлбіреген
еріндер, күлген көздер,

Бақшасына
бақыттың кірген кездер.

Арман болып
көрініп қыз көзіне,

Қызықтардан құр қалмай жүрген кездер.

Есімде әлі, жан
аға, Қуан аға,

Сырлы жырың бұйырды сыбағама.

Сондай ыстық
көріндің көзімізге,

Қандай ыстық көрінсе гүл араға.

Сәлем бердік біз
саған үнемі елеп,

Жолы бөлек аға
едің, жәні бөлек.

Айтқаныңның
бәрін де дұрыс көрдім,

Мұрт қоймадым, жараспай жүре ме деп.

Нең бар сенің
бізбенен бөліспеген,

Достай едің көп жылдар көріспеген.

Насыбайды
атпадым,

ал басқаның

Істеп бақтым
барлығын сен істеген.

Қызылдары көп тартты мені гүлдің,

Жастайымнан
жаныңа көп үңілдім.

Ақын деген
алдымен сұлу жігіт,

Содан кейін
кемеңгер деп ұғындым.

Көктем ылғи
мәпелеп қайта гүлін,

Омырауына
қадайды байтағының.

Қуандыққа
бауырмын деген сөзді

Замандардың
алдында айтады інің.