ВЕРНУТЬСЯ

         Көзім жатқа
қарамас,

Жат та маған
жарамас.

Тар төсекте
төсіңді

Иіскер ме едім
жалаңаш.

(Абай.)

I

Отырдым мен сызып
кесте,

Ойдан өлең - бал
тамызып.

Өзіме-өзім сыр
сыбырлап,

Кейде түзеп,
кейде бұзып.

Шомылыппын бір
хиялға,

Тереңіне сүңги
жүзіп.

Шығыпты тер
мөлтілдепті,

Маңдайыма моншақ
тізіп.

Көз жіберсем
жан-жағыма,

Бір кездері
көтеріп бас.

Жатыр екен өз
әйелім,

Түсі солғын,
көзінде жас.

Түрды баяу
тесегінен,

Кетергендей зіл
қара тас,

Жылжып жақын
келді маған,

«Тыңда» деді
қойып ықылас:

- Жас қосылған
жарым ең сен,

Шын сүйіп ең
жүрегіңмен.

Жалбарынып жазып
елең -

«Сүймесең сен
өлем» деп ең.

Арбауыңнан айыға
алмап ем,

Тұтқын боп ед
балғын денем.

Жүрегіммен беріліп
ем,

Азғырғанды етпей
елең.

Күннің көзін бүлт
құрсап,

Сел басса да
жердің бетін.

Атылып оқ
нажағайдан,

Күйдірсе де
көктің шетін.

Отты, суды
тыңдамастан,

Күндер болған
кездесетін.

Сүйіп қатты
«жаным» деуші ең.

Тиген кезде бетке
бетің.

Енді бүгін жақындық
жоқ,

Жат болыпсын
тілегіме,

У жүріпті
тамырыңа,

Өрт сеуіпті
жүрегіңе.

Жат төсектің жары
болдың,

Мұз қатырдың
жүрегіме.

Тыңда сәулем,
түсін жаным,

Баспа жаншып
тілегімді.

Қайтар мендік
махаббатты,

Бер өзіме
жүрегіңді.

Сөндірмеші жанған
шамды,

Солдырмашы шыққан
гүлді.

Аямайсың неге,
жаным,

Туған түңғыш
қүлыныңды.

Тастап тірі кетсе
әкесі,

Көкетайлап жүрер
кімді?

II

Көше жарық
электрлі,

Ай да аспанда өте
нұрлы,

Мрамордан шапшын
фонтан,

Ойнайды су неше
түрлі.

Бақшада жұрт
бейне дария,

Қимыл толқын
оркестрлі.

Сол толқыннан ұлы
думан,

Іздеп жүрмін
әлдекімді.

Үйде қалды сүйген
жарым,

Көз жасына көміп
жанын.

Кеттім шығып, тыңдамадым,

Тындамадым айтқан
зарын.

Жатқан шығар жұмып
көзін,

Сүйіп туған
балапанын.

Жатқан шығар
сабыр таппай,

Жас жүрегін өртеп
жалын.

Тыңдамадым жардың
сырын,

Есігімді жаптым
қатты,

Оңаша үйге кеттім
қамап,

Түншықтырдым
махаббатты.

Керем қашан,

кездестірем

Жаңа жарды -
перизатты.

Сүйіп қашан,
сүйгізгенше,

Сағынышым жанға
батты.

Би үйренген қыз,
бозбала,

Тасқын күймен бір
қозғала,

Электрмен жанып
бірдей,

Бөленіпті
тамашаға.

Бұл жерде жоқ
сүйген сұлу,

Көз саламын
айналама.

Отыр ма екен
күтіп шетте,

Кешіктім бе бүгін
жаңа?

Міне сағат он бір
бопты,

Жоқ! Жоқ, әлі
уақыт ерте,

Әне дауыс
естіледі,

Келеді әне біздің
ерке...

Қарсы алдынан
барайын тез,

Тоқтамайын құр
бекерге,

Құшағыма алайын
тез,

Шомылайын меруерт
терге.

Жар дегенім жат
жан ба әлде,

Құшағынан кімді
көрем.

Мас па, неге теңселеді!

Безді ме екен сұлу
менен.

Тоқтайды да
сүйіседі,

Жанындағы
жігітімен.

Сүйеді де «сүйем»
дейді,

«Сүйем» деген мен
де келем.

Көзі түсті, көрді
сұлу,

Маған қарсы келді
сұлу,

Көлеңкедей қалдым
қатып,

Не демекші енді
сұлу?

«Сүй, жан сәулем»
деді сұлу,

«Сүй» деп қолын
берді сұлу.

Қақтым қолын,
қалды сұлу,

Махаббатты көмді
сұлу.

Қайттым кейін
ізімменен.

Қош бол,- дедім
енді сұлу.

Қапы қаппын
қателесіп,

Алданыппын құр
хиялға.

Өз жарымды отқа
салып,

Еріппін мен
арбағанға.

Бояулы бет, сиқыр
күлкі,

Табылса да
тандағанда.

Сүйе алмады көз
жасымен,

Сүйегіме салды
таңба.

III

Қатты жапқан
есігімді,

Қайтып аштым -
келдім міне,

Қасіреттегі өз
жарымды,

Қайта келіп
көрдім міне.

Кеппепті әлі
көзден жасы,

Солғын тартып
жатыр түрі.

Көзі ұйқыда,
көңілі ояу,

Естіледі қайғылы
үні.

Жатыр шашы жауып
бетін,

Құшақтауға қолым
қысқа:

Үн шығарып
оятуға,

Сөз қатуға тілім
қысқа.

Ұят өлім басты
мені,

Кетейін бе қайта
тысқа?

Жоқ, шықпаймын өз
үйімнен,

Күткен «жар» жоқ
енді тыста.

Үнсіз-түнсіз
отырып мен,

Ақ төсіне қойдым
басты.

Ақ тамағын
аймаладым,

Оянды жар, көзін
ашты.

Кезек-кезек
сүйдім көзін,

Құрғатуға аққан
жасты.

Түсінді жар
жанның сырын,

Ақ білегін
мойныма асты.

Аршылғандай ауыр
қайғы,

«Уһ» деп еді

Сүйдім тілін.

Жүрегіме тиді
жүрек,

Серпіп тастап
ішкі мұңын.

Сүюменен
сездірдім мен,

Махаббаттың
түзулігін.

Бар күнәмді кешті
жарым,

Құшағыма кірді
күнім

1935