ВЕРНУТЬСЯ

      Қылдырықтай өкшелі,

бұлдырықтай
бөкселі,

сені мендей сүйетін жер үстінде жоқ сері

оған куә -

кешегі Көктөбенің
етегі,

балтырыңа жабысып
жатып алған көк шөбі

"Мың бір
түннен" білетін

мықындысы
Мысырдың

шеніңе де
келмесін

шешіндірмей
түсіндім.

Ермін деген
еркекті емексітіп баладай,

майшабақтай
еріткен,

Мадонна-қыз
мүсіңдім!

Қынабынан суырған
қылыштай-ақ бір өткір,

қия жаздап
мойнымды,

қия жаздап білек
тұр.

Қаз омырау, қайқы
бел,..

арғы жағын
айтуға,

ауыз бармай,

амалсыз,

қала берді

жүдеп тіл.

Әй, ақ-

пәк қыз...

әппақ кыз,

кінәлама

күнәға да батпақпыз!

(Жанымызды сақта, құдай,

тағы да

тәнімізді қызыл шоққа қақтаппыз!)

Кешқұшам
ба,...

өшті шам да,

әппақ қыз,

әрнені айтып,

әлдекімді мақтаппыз...

..."Сезім де жоқ,

Сөзім де жоқ,
аға!" - деп,

жайбарақат...

жатты ақ қыз!

...Ендігісін жұтып
сол түн,

жалмап ән,

есім ауып...

есте бірі
қалмаған...

Түк көрмеген
сияқтанып әппақ қыз

жайраң қағып бара
жатгы...

таңқалам!..