ВЕРНУТЬСЯ

           (Ақмешіт
қаласының 1925 жылы Қызылорда аталуына

Қай орда, мынау
орда?

Қызылорда!

Төбесі күнге
жалғас қызық орда.

Есігін еқбекшіге
ашып қойып,

Қаратты
күлімдете жүзін орда!

«Ақ орда»,
«жасыл орда», «алтын орда»,-

Жылатқан,
еңіреткен халқын орда.

Қонысын, іргесін
де аулақ салған,

Біздің орда
олардан артық орда.

Көкорай мынау
біздің қонған мекен!

Оңды қоныс қайда
бар мұнан бөтен?

Көш көлікті
болуы бастаушыдан,

Бастап әкеп
қондырған Ленин әкем!

Қызылорда,
еңбекші, сенің ордаң,

Мынау жер сенің
жерің тауып қонған,

«Сырты сұлу, іші
ұлар» тұз жаласын,

Тағы биік
ұшайық, қанат қомдан!..

1925