ВЕРНУТЬСЯ

        Қинамаңдар
қартыңды, жаман ойлар,

Аман тұрсын қайындар, қарағайлар.

Мені күтіп
жүретін күндіз-түні,

Сәлем берер
алдымда бар ағайлар.

Өзімізше біз
дағы сүйікті едік,

Махаббаттың
отына күйіп те едік.

Ақыл сұрап келетін інілер бар,

Алдындағы ағаны
биік көріп.

Алатауға шыға ма
ексем өлең,

Тілдесе ме жас ұрпақ кексеменен.

Сәл төмендеп
мөртебем қалатындай,

Сәлем үзіп бір
інім кетсе менен.

Жүре берсек
кемімей, кейімей де,

Күңгірт аспан
көрінің ойы бейне.

Қатарымды
кейбірде танымай қап,

Қүдай ұрып қалады мені кейде.

Сенің аман
жүргенің маған да сән,

Сен ұйықтайсың оянып санамда сан.

Бір күн егер
жолықпай қалар болсақ,

Өзіңменен
аңқылдап амандасам.

Тыныш, бейғам
өтеді былай түнім,

Барлық тойда
керек пе жыр айтуым.

Қатар жүрген
достардың кемімеуі -

Енді менің Құдайдан сұрайтыным.

Көңілім
желікпейді желге мініп,

Жалт берді мені
бастап келген үміт.

Жетіскен өзімнің
бір жағдайым жоқ,

Қайтемін ыржалақтап
елге күліп.

Ойларға шома
қалам кейде онды бір,

Өзім де ұнатамын бейнемді бұл.

Жағдайым
жарқылдауға жібермейді,

Егденің өмірі
ғой ендігі өмір.

Біз кімді сүйіп,
кімнен түңілмедік,

Жыладық, бірде
күндей күлімдедік.

Жасаған
жылдарымды санай қалсам,

Тұншығам қалың ойдың түбін көріп.

Мен туған Алатау
жас, қартаймаймын,

Сергекпін,
сертімнен де сәл таймаймын

Бармайды аз
жасадым деуге де аузым,

Көп жасадым деп
жөне айта алмаймын.

Жаспын деп
алданбаймын жорта босқа,

Кеп қалдық
орағытып орта жасқа.

Мәңгілік жол да
күтіп жатқан шығар,

Түйеңе жүгіңді де арта баста.

Отырып қарта
ойнайық одан бұрын,

Қолында
бәбішенің қамал бүгін.

Әлі де біраз ұйқым бар сияқты,

Кәдімгі тәтті ұйқысы таң алдының.