ВЕРНУТЬСЯ

«Лирикаң қалай, Ғалым? Лирикаң өшсе, сен деөшесің, өшкен, таусылған ақын боласың...»Ақынжанды асыл досым,марқұм  Сағат Матекевтің сөздерінен.Әуелден асық едім арман-мұңға,Білмеймін, күйбең-күнге алдандым ба,Білмеймін, тоқшылықты малдандым ба,Білмеймін, мұңсыз болып қалғанмын ба?! Осы екен жанға батар дертім менің,Қайда екен өзек жарар өртім менің?Өлгенше өзіңменен біргемін деп,Қайда екен жырға берген сертім менің?! Өрлігім қайда менің өрекпіген,Өршумен өрге жүзер, өр екпінмен?!Мәз болып келгенім бе тегі, апырай,Талғажу еткеніме қоректі мен?! Бойдағы рух қайда , алау қайда,Маздаған мәңгі оттайын жанар қайда!Шыр етіп дүниеге келгенде адам,Дүр етіп күн кешуге жаралмай ма?! Өтер-ау күндікші өмір, пасық ғұмыр,Беу, көңіл, ел-жұртыңа басыңды бұр.Қайдасың жаны бірге қайран достар,Қайдасың қайран жастық, ғашық ғұмыр?! Қалғандай өмір жолы тұйықталып,Демеңдер қалды ақының бұйықты анық.Өмірдің шоғын бірге үрлейікші,Бекерге күй кешпелік күйіп, налып. Зымырап өткен сайын уақыт-тізбек,Әр күні дәуренімен бақыт түзбек.Сағат дос болмаса да қасымызда,Теңізге баралықшы шабыт іздеп. Сапырып сусындар мен сырды бөлек,Мен-дағы толғайыншы жырды бөлек.Беу Музам, құдіреттім, Лирика,Сондайда қолтығымнан жүрші демеп...

Автор: