ВЕРНУТЬСЯ

О баста, менің Ер бабам,таңбасын өріп тасына,Жеті жұрт көшкен жапандықимапты досы, қасына,Білгендей міне, Маңғыстау-мың шырақ болды лаулаған.Пір Бекет жаққан бір шырақ,Оғыланды таудың басына! Табаның қара дария,гүрілге толып өр кеудең,құла дүзіңе жарқылдап,ақ мәрмәр шаһар өң берген,Тарта бер алға, Маңғыстау,ғасырдың күйін тербеумен,Болашағыңа бақ болғанБабакөз алтын көмбеңмен! Облыс болып орнығып,отыздың шықтың өріне,Әулиелі Маңғыстауқасиет қонды төріңеАлатау, Алтай, Арқаныңбәрі тәнті өзіңе,Жұлдыз боп жандың бүгінде,Тәуелсіз елдің көгіне! Күндерге жеттің міне, енді,көше алмас жұртың даңқыңнан,Топырағың да киелі-ау,жаралған дерсің алтыннан,Сен дегенде, Маңғыстау,шағала жүрек шарқ ұрған,Төмендетпесін құдайым,осынау асқақ қалпыңнан!                                       25.10.2003 ж.