ВЕРНУТЬСЯ

«Біз соғысты көрген жоқпыз».Д.Исабеков, повесть.Мен көргем жоқ соғысты!Көрдім өмір бақытын,Бақытты боп тұр бүгінменің туған Уақытым.Көз ашқалы «іңгалап»таусылмады шаттығым,Қолға қалам алғалысарқылмады шабытым.Мен соғысты көргем жоқ!Естімедім дыбысын,Естімейін мәңгіге,дыбысы оның құрысын!Отан үшін жан қиғанмиллиондаған адамдыОйлай қалсам, алайда,тарылады тынысым.Мен көргем жоқ соғысты!Исін де оның сезбегем,Білетінім – жаралдымүш оқ тиген кеудеден.Сондықтан да әрқашанқақым бар ғой, ағасы,Сұм соғыстың жарасыжүрегімде деуге мен!                    1984 жыл.

Автор: