ВЕРНУТЬСЯ

         Менен көрген,
Күлтайжан,

қайғың көп пе,

Тез шығады
айқайлап айбын бетке.

Айтқаныңнан
қайтпайсың қай кезде де,

Құшағымды айтпайсың жайдым деп те.

Мен қуанта алдым
ба сені, жаным,

Барды, жоқты көп
айтып не ғыламын.

Айтқаныңның
бөрін де мақұлдаймын,

Қолға түскен
жансыздай бағынамын.

Біздің қолға
түспеді үлкен мансап,

Күндіз-түні өзіңді күтем ән сап.

Соңғы кезде жақпайтын
болып алдым,

Жағынсам да
болмайды қанша жан сап.

Сүйеді әйел
еркектің күші барын,

Менен осы
білмеймін не шығарын.

Аяқ бассам, көрініп кемістігім,

Аузымды ашсам,
қатеге ұшырадым.

Әшекейлеп тұрады күзді де гүл,

Қалмағаны жақсы
ғой ізгі көңіл.

Қылмыс жасап
қоймағандай алдыңда бір

Қиындаумен
барады біздің өмір.

Біреу менің
кеткендей батылымды ап,

Жағымпаздар
жан-жақтан жатыр ымдап.

Сен еркекке
айналып, мен әйелге

Ұқсап
бара жатырмын ақырындап.