ВЕРНУТЬСЯ

Менің құрбым - елулер - елу бестер.
Қаруластар, қандастар, шерулестер.
Тұрса таудай тапжылмас табандылар,
Шепке шапса, шорт сынбай шеінбестер,
Әлі он сегіз -
жиырмада қалғандары:
Құрбан
болды күресте, қорғады арын.
Жатыр енді құшақтап
жер-ананы,
Биіктетіп томпешік, қорғандарды.
Жоқ, қайтқан
жоқ олар тек мола болып.
Алаңдарда тұр
мәрмәр, қола болып.
Ерліктердің ізінде елдер өсті.
Орынына еңбектің қала қонып.
Менің құрбым-даңқымен дабыстылар,
Мұрат-мақсат, міндетпен табысты олар.
Еркектері-әйелдей ұяттылар,
Әйелдері-еркектей намыстылар.
Менің құрбым-ұрпақ қой ел жыр етер,
Шаттығы да, мұңы
да елжіретер.
Еркектері-әйелдері
тағаттылар.
Әйелдері-еркектей ержүректер.
Олар жүрді жыртық та, аш қарын да.
Қанат қақты арманның асқарына.
Жүздерінде-аяз бен аптан тоты,
Жер-дүниенің күмісі-шаштарында.
Ардақтыны білмейді зал да бұдан,
Естілмейді өлгенде
зар да бұдан.
Қартайдық деп қатардан шықпайды да,
Жығылмаса жорықтар
зардабынан.
Тарсылдатса көшені
ағаш аяқ,
Қажетсіз-ақ қайрылу оғаш аяп.
Тайып кетсе, жымиып түрегелер,
Қабақ шытса, шытады оңашарақ.
Бұлар
кімнен міндетін шала атқарды?
Лаулап, әттең,
сиреді, саранталды.
Қанды-ау талай ерге гүл, ерте жетім,
Рюмкада ішілмей шарап қалды...
Менің құрбым, о жастар, ата-анамыз.
(Болып
қалдық уже де, аталы біз).
Менің құрбым, қариялар, ұл-қыздарын,
Азаттықтай ардагер атағы аңыз.
Бөркіңді
алып, ей, балам басынды,
Олар темір
тәртіп пен иба сүйді.
Жазалайды жазықты болса өзін де,
Пірден биік тұтады
сыйласуды.
1973