ВЕРНУТЬСЯ

           Менің жеті балам
бар,

Жеті арқа тірер
асқарым бар.

Менің жеті далам
бар,

Менің жеті
аспаным бар.

Мен жыласам -
жеті жер бір жылайды,

Мен құласам - жеті аспан бір құлайды.

Жеті жүрек, құласам, әлсіз соғып,

Жеті жанар тұман боп бұлдырайды.

Ажал шіркін
берсе де бір күн елес,

Маған батып
келуі мүмкін емес.

Жеті жүрек өлуі
мүмкін емес,

Жеті жанар сөнуі
мүмкін емес.