Күлер болсаң шын көңілден саңқып күл,Қанжар сұқпай сыйлап тұрып барқыт гүл.Жер шарының барлық биржаларынан,Мен өндірген мұнай исі аңқып тұр.Көп елдерді достасуға құштар ғып,Және өзіне магниттей тартып тұр.«Қазақ елін шығаратын ұшпаққа,Мұнай» - дейді саясаткер тіс қаққан.Бірақ менің саясатпен ісім жоқ,Бар арманым шығу қысқы қыспақтан.Кең Аллаға тәубе етемін, құлына,Қазынаның бір пұшпағын ұстатқан.Бар арманым мотор үні тынбаса,Бар арманым качалкамыз тұрмаса.Бар арманым құбыр – өзен ағылып,Қара мұнай сыбдырласа, жырласа.Бастан кешіп нәубеттердің бәр – бәрін,Төзген жанмын қасіретке, сынға сан.Шаттануым тегін емес мен бұлай,(Шынымды айтсам талай сөніп, жандым – ай).Қазағымның аспандатқан атағын,Біле білсек, сен Мұнай!Ояндық біз, айналамыз ғажайып,Енді, енді ойлан Қазақ қалғымай. 07.02.08. сағ:10 – 15. ***Ауызда – Дағдарыс,Дауасы – қамданыс.Үстінде қазірде,Әр кеуде қозғалыс.Ол итің бұл күнде,Деп жүрсек қалды алыс.Жүр екен жанымда,Бойдағы қанымда.Оны ел «жұт» - дейтін,Айтудан бүкпейтін.Аждаһа дегізіп түп кейпін.Аждаһаң жеп қояр,Күні жоқ түк тояр.Және жұрт жұтыңды,«Жеті ағайын» - деп қояр.Айта алмай мұны әлі,Іштен тек тынады.Меніңше бұл іске,Жаһандану кінәлі.Дағдарыс, дағдарыс,Боп шықты қолдағы іс.Кінәлі айтылса,Болады шамданыс.Демократияңыз да - өзгеге,Ерікті бас ұру,Кемшілікті жасыру,Жұтылуға асығу...Осыған таңым бар,Бәрі де, бәрі де,Арбаған сағымдар... 19.02.09.
- 121 просмотр