ВЕРНУТЬСЯ

Күлер болсаң шын көңілден саңқып күл,Қанжар сұқпай сыйлап тұрып барқыт гүл.Жер шарының барлық биржаларынан,Мен өндірген мұнай исі аңқып тұр.Көп елдерді достасуға құштар ғып,Және өзіне магниттей тартып тұр.«Қазақ елін шығаратын ұшпаққа,Мұнай» - дейді саясаткер тіс  қаққан.Бірақ менің саясатпен ісім жоқ,Бар арманым шығу қысқы қыспақтан.Кең Аллаға тәубе етемін, құлына,Қазынаның бір пұшпағын ұстатқан.Бар арманым мотор үні тынбаса,Бар арманым качалкамыз тұрмаса.Бар арманым құбыр – өзен ағылып,Қара мұнай сыбдырласа, жырласа.Бастан кешіп нәубеттердің бәр – бәрін,Төзген жанмын қасіретке, сынға сан.Шаттануым тегін емес мен бұлай,(Шынымды айтсам талай сөніп, жандым – ай).Қазағымның аспандатқан атағын,Біле білсек, сен Мұнай!Ояндық біз, айналамыз ғажайып,Енді, енді ойлан Қазақ қалғымай.                                     07.02.08. сағ:10 – 15.            ***Ауызда – Дағдарыс,Дауасы – қамданыс.Үстінде қазірде,Әр кеуде қозғалыс.Ол итің бұл күнде,Деп жүрсек қалды алыс.Жүр екен жанымда,Бойдағы қанымда.Оны ел «жұт» - дейтін,Айтудан бүкпейтін.Аждаһа дегізіп түп кейпін.Аждаһаң жеп қояр,Күні жоқ түк тояр.Және жұрт жұтыңды,«Жеті ағайын» - деп қояр.Айта алмай мұны әлі,Іштен тек тынады.Меніңше бұл іске,Жаһандану кінәлі.Дағдарыс, дағдарыс,Боп шықты қолдағы іс.Кінәлі айтылса,Болады шамданыс.Демократияңыз да - өзгеге,Ерікті бас ұру,Кемшілікті жасыру,Жұтылуға асығу...Осыған таңым бар,Бәрі де, бәрі де,Арбаған сағымдар...                            19.02.09.