ВЕРНУТЬСЯ

Мұңайып қалсам кейде мен:ондайда жаным өзім де ұқпас тылсым сыр,Жүректен жарыпшығады дерсің жыр-сыңғыр.Зымырап мынауағындап жатқан фәнидеО, Муза, меніқұдіретіңмен сілкіндір. Тұқшиып төменөткізер күнін пенде ме ем,Өмірге мынауөкіну үшін келмегем.Іздесең меніүйіме келші қайран дос,Болайын қыранқияға құлаш сермеген. Ақтарсақ сырды,шалқытып құсын көңілдің,Бар мәнін сондаұғармыз ұлы өмірдің.Бопсалап тірліккешкенше келте ғұмырда,Келеді дәйімақ жауын болып төгілгім. Біреулер, бәлкім,кінәлар бізді жаратпай,Жаттанды ойдықылармыз бейне талақтай.Қайтесің достым,қайтесің жұрттың қаңқуын,Үйіме келшітылсым біір түнде таң атпай. Сонда біз тірлік кешпеймізмүлде жаттанды,Қарсы алып біргетұрармыз атар ақ таңды.Кетерміз кезіпкөктемгі жасыл бақтарды,Еске алу үшінелестей сол бір шақтарды...

Автор: