ВЕРНУТЬСЯ

    Шапағатты төрем, Николай
Иванович!
   Сіздің соңғы
жазған хатыңызды, екі ай демалыста болғанымнан кейін, жуырда ғана алдым. Сіз бұл
хатыңызда қазақ арасына орыс алфавитін-енгізу жөнінде пікір айтқан екенсіз. Бұл талассыз пайдалы пікір ғой. Дегенмен,
оны жүзеге асыру, меніңше, үлкен
қыйыншылыкка кездеседі. Қазақ
балалары үшін ашылған орыс мектептерінде орыс алфавитін қолдану (бұл мектептерге
казақтар балаларын орыс тілін үйренсін, орысша жаза білсін деп беріп отырғандықтай)
кейбіреулердің ойлағанындай, қазақ арасында әңгіме, күдік туғызады деп ойламаймын.
Бірақ мәселе мынада: орыс әрпімен жазылған кітаптар қазақ арасына, тап біздің
ойлағанымыздай, жеңіл және тез сіңе коймайды. Бірінші жағынан, фанатизмнің
салдарынан, екінші жағынан, орыс жазуына көзі үйренбегендіктен, оның таныс еместігінен,
оның үстіне, елімізде тарап отырған татар жазуының әсерінен -міне осылардың
бәрін еске ала келгенде, жалпы оқуға арналған кітаптар мектептің есігінен шыкпай,
соның өзінде қала береді. Шәкірттеріміз немесе мектепті бітірген жастарымыз қазақ
арасына барып, ол кітаптардың мазмұнын түсіндіре қояды екен деп сенуге де бола
бермейді. Өйткені мектеп бітіріп шықкандардың көбі (мүмкін тіпті барлығы да)
мектептен шығысымен, мойнына артылған жүктей болып отырған оқу құралдарын атып
ұрып, оны қайтып есіне де алмайтыны бізге белгілі. Ал, араб әрпімен жазылған
кітаптарды алатын болсақ егер бұл кітаптар пайдалы кітап болса, ең алдымен,
мазмұны қызық болса, мектептен тыс ел арасына тез жайылып, қазақ жастарын
білімге тартуға жетекші бола алады. Шынына келгенде, қазақ сөздері орьгс
әрпімен анағұрлым дұрыс жазылатын болса да, татарша жазу қазақ тілінің тазалығына
және бүтіндігіне зиян келтіретін болса да, көп уакыттарға дейін татар жазуын
қазақтардан айыру мүмкін емес екенін біз еске алуымыз керек. Here десеңіз қазақтың
діні сол жазумен жазылған, қазақтар арабша, татарша намаз оқиды; осы себептен
олар татарлар мен өзбектерге бұрынғыдан гөрі анағұрлым жақындай түсіп отыр,
байланысы күшейіп барады; орыс мектебін бітіргендер татар тілін қазақтарға тез
жақындатып отырған адамдарға қарағанда әзір ешбір артықшылықпен пайдаланбайтын
болғандықтан, молданың күн көрісі пайдалырақ болып отырғандықтан татар
медреселерінде оқитын қазақ шәкірттерінің саны азаймай отыр және ол азаймайды
да; жат әріппен жазылған біздің оқу құралдарымыздың күші, меніңше, өте нашар.
Біз бұл арада сол құралдың өзімен, бірақ сапасы жағынан басқа, олардың ақылына
ақыл қосып, оларды шындыққа, басқаша айтқанда, оқуға жетектейтін құралмен, қазақтардың
өздеріне таныс, оны ешкім де жек көрмейтін құралымен іс етуіміз керек; бұл оқуымыз
да жоғарыда айтқандай сапалы болса болғаны. Мәселенің ең мәнді жері: қазақтарға
татар фанатизмнің ықпалын тигізбеу, қазақтардың білім алуына оның кесірін тигізбеу
ғой. Ондай ықпалдан құтқару үшін, бірте-бірте, бірақ шын құтқару үшін мазмұны
балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай,
бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс
әріппен шығара білу керек. Сөйтсек ол кітаптарды жұрт бірден қолға алып оқып, бұл
кітаптар, татар кітаптарымен қатар, зор күш болар еді. Бұл арада әріптің арабша
не орысша болуы - араб әрпінің көптеген зияны болғанмен ісімізге онша кесел
келтірмейді. Ал араб әрпінің ол зиянынан құтылуға болады. Miнe менің шын
пікірім осы. Сіздің тағы бір өтінішіңіз оқу құралын құрастыруда қабілетті бір
көмекші тауып бер дегеніңіз еді. Амал не, мен бұл жұмыска
лайық ешкімді атай алмай отырмын. Бірақ
менің Сізге айтайын деп отырған бір ойым бар,-оның шешуін өзіңіз біліңіз.
Сіздің колға алып отырған ісіңіз маңызды іс; мұның ең қиын жері - оқу құралын түзудің
жоспарын жасау, сол жоспарға қарай материал таңдап алу ғой. Міне мұның тап осы
жағын, меніңше, жақсылап талкылау керек. Мұның үшін Сіздің жаныңызда қазақ
елінің жергілікті жағдайын жетік білетін бір адамның болғаны жөн болар еді; ал
онан соң, материалды Сіз тек Қазанда ғана теріп ала аласыз, оны қазақ арасынан
келіп аламын деп ойлап жатудың да қажеті жоқ. Сіз өзіңіздің хаттарыңызда мені соншама
мақтағандығыңыздан, мен, шынында да, бұл қолға алып отырған ісіңізде мен Сізге
пайдалы бола алар едім-ау деген ойға келіп жүрмін. Мені орнымнан босатпай-ақ
бастықтарым аркылы екі айға Қазанға алдыра алмайсыз ба? Сөйтсеңіз, Сізбен
ақылдасып жэне кітаптың бағытына түсініп алып, Сізден оның бірқатар материалын
алып кетіп, осында аударған болар едім. (Мұнда маған көмекшілер де табылады).
Ал аударған жағымды Сізге жіберіп отырар едім. Бұл жұмыс маған өте қиын сияқты
көрінеді; оны бір кісінің істеп шығуы қиын. Мұндай істі жабылып көмектесіп қолға
алған жөн болар еді, бірақ, әзір ондай ешкім жоқ қой. Мен өз тарапымнан мүмкін
деген көмегімді ұсынып отырмын, бұдан нендей пайда боларын өзіңіз шешіңіз. Мен
демалыс сұрайын деп ойланған едім, бірақ заң бойынша маған демалыс беруге
болмайды; өйткені, осы жылы екі айлық демалыста болып қайттым. Қалай болған күнде
де Сіз маған пікіріңізді жазып жіберіңіз, өйткені, жібере калса, басқа ойым
жоқ, мен үлкен қуанышпен Сіздің Қазаныңызды да, Николай Иванович, Сізді де және
шарапатты Екатерина Степановнаны да көріп қайткан болар едім. Жаңа мектептер қандай
негізде ашылмақ: қазақ балалары орыс балаларымен бірге оқытыла ма? Мектеп дегеніміз
мектепке шын ұқсас болуы үшін оған қаржы көбейтіле ме? Жақсы оқытушылар беріле
ме? Мектеп бітіргендердің және оқытушылардың қай жөнінен болса да бір артықшылығы
бола ма? - Осыларды білгім келеді. Мұндай жағдайлар болмаса мектепте, әрине,
ойлаған ойымызға жеткізбейді. Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы,
олар қазақ даласының кез келген жеріне ретсіз орната салынатын болса, ешбір
пайда келтіре алмайды. Ал біздің барлық үмітіміз, казақ халқының келешегі осы, тек
қана осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы (бір жөні тәуір) білім берілетін
болсын, артта қалған халықты мектепке қызықтырып тарту үшін мектеп бітіргендерге
кай жөнінен болса да бір артықшылық берілетін болсын, сонда ғана оқушылардың
саны ешбір күмәнсіз өте тез өседі. Осылай еткенде ғылыммен қаруланған, әр
нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер
ете алады, сонда татар фанатизмінің де күлі көкке ұшады. Егер, қолыңызда бар
болса, өзіңіздің қазақ сөздігіңіздің, немесе ол сөздікке арналған
материалыңыздың бір данасын маған жібере алмас па екенсіз?
Қош болыңыз И. АЛТЫНСАРИН.
1871 жыл, 31 август.
Торғай қаласы,.